Коронавирустың болашағы: Маман негізгі үш сценарийді атады
Сарапшылар коронавирустың болашағы жайлы түрлі болжамдар айтып келеді. SARS-CoV-2 вирусының дамуы және алдағы уақыттағы жағдай туралы қауіпті инфекциялар маманы, дәрігер-иммунолог Владислав Жемчугов Sputnik радиосына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
SARS-CoV-2 коронавирусының эволюциясы жайлы нұсқаларды мамандар өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жасайды дейді Владислав Жемчугов.
"Типсіз пневмония (SARS) мен MERS (таяушығыс респираторлық синдромы) қазір жоқ, оларды ешкім таба алмады. Әрі қарай тіршілік етуге мүмкіндік беретін мутациялар орын алмады. Менің ойымша, олар табиғатта жойылып кетті", - деді Жемчугов.
Дәрігер-иммунолог эволюцияның өзге де нұсқасы бар екенін және мутация кезінде олар белсенділігінен айырылып, өзі өмір сүретін ағзаға немесе жануарға еш зиянын тигізбеуі мүмкін екенін айтады.
"Эбола вирусын мысалға келтірейік: ол өзі тіршілік ететін ірі жарқанаттарды өлтірмейді, ал жарқанат иммунитеті вирусқа еш зиянын тигізбейді. Егер вирус тасымалдаушысының қаны адам ағзасына түссе, сол кезде ғана Эбола вирусы жұғады", - деп түсіндірді иммунолог.
Оның ойынша, коронавирустың болашағына қатысты үш негізгі сценарий бар.
"Бірінші нұсқа - SARS-CoV-2 коронавирусы "иммундық келісімге" келе алатын жаңа иесін табады. Екінші – SARS және MERS секілді жоғалып кетеді. Үшінші нұсқа және адамзат үшін ең жаманы – ол тұмаудың екінші нұсқасы секілді адам ағзасында өмір сүруін жалғастыра береді", - деп айтты ол өз сұхбатында.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
