Коронавирустың алғашқы жағдайлары ШҚО мен Қызылорда облысында тіркелді
28 наурызда таңғы сағат 10-да Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 жұқтырудың алғашқы екі жағдайы және Қызылорда облысында бір жағдай тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы республикада коронавирустық инфекцияның 41 жаңа жағдайы тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында - 32 жағдай, Алматы қаласында - 2 жағдай, Шығыс Қазақстан облысында - 2 жағдай, Ақмола облысында - 2 жағдай, Алматы облысында - 1 жағдай, Қызылорда облысында - 1 жағдай, Атырау облысы -1 жағдай.
Осылайша, осы уақытқа дейін елде коронавирустың 191жағдайы тіркелгендігі расталды.
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы коронавируспен ауыратындардың саны көп, сәйкесінше 107 және 57 науқасты құрады.
COVID-19 бар төрт науқас Қарағандыда, үшеуі Жамбыл облысында, төртеуі Атырау облысында, бесеуі Ақмола облысында, екеуі Шымкентте, екеуі Шығыс Қазақстан облысында және екеуі Алматы облысы мен Ақтөбе облысында тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында - біреу, Павлодар облысында - біреу, Маңғыстау облысында - біреу, Қызылорда облысында - біреу.
Үш рет жедел жәрдем шақырған: Коронавирустан көз жұмған әйелдің туыстары оның өлімі туралы айтты

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
