Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қай жерде коронавирусқа тест тапсыруға болады және оның бағасы қанша: Жаңартылған ақпарат

Қазіргі таңда суық тиіп, тұмауратып қалған кез-келген адам бірден коронавирус туралы алаңдайтыны заңды. Әсіресе, жөтел қысып, дене қызуы көтеріле бастаса, олардың алаңдаушылығы одан сайын өседі. Дәрігерлер өз кезегінде халықты сабырлы болуға шақыруда. Сөздерінше, бұл кезде бас сауғалап коронавирусқа тест тапсырмақшы болып ұмтылуға болмайды екен. Вирустың өршуі скрининг орталықталықтарға ағылған азаматтардың көбеюіне әсер еткен. Дегенмен әлі де вирустың бар-жоғын қайдан тексертуге болатынын білмейтін азаматтар өте көп. Stan.kz тілшісі Алматыда COVID-19-ға қайдан тексертуге болатынын анықтады. 

птр тест

Айта кетейік, коронавирус инфекциясына байланысты екі түрлі тексерістен өтуге болады. Біріншісі, қан арқылы жасалатын экспресс-тест болса, екінішісі - сілекей мен мұрыннан алынатын сынама арқылы ПТР-тексеру. 

Бұған қоса тексерістен тегін және ақылы түрде өтуге болады. Қазақстанның барлық аймақтарында тестен өту механизмі бірдей. 

Тегін ПТР-тестен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өтуге болады. Ол үшін науқас өзін емдейтін дәрігерден жолдама алу керек. Бұған қоса тегін тестілеуден коронавирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болғандар ғана өте алатынын ескеру қажет.  

Ал ақылы түрде тексерістен кез-келген адам өте алады. 

Алматы аумағында қорғаныс министрлігінің әскери госпиталін қосқанда коронавирусқа  мына жерлерге барып тест тапсыруға болады:

1. "Ұлттық сараптама орталығы". Алматыда орталықтың зертханасы "Атакент" көтерме-сауда павильонында орналасқан. Айта кетейік, мұнда сынаманы тегін тапсыру қарастырылған. Ақысыз тестілеуден мына азаматтар өте алады:

жұмыссыздар;

тұрмысы төмен отбасылар; 

көпбалалы отбасы мүшелері;

жүкті әйелдер; 

мүгедек жандар;

дәрігерлердің тіркеуінде тұрған 50 жастан асқан азаматтар; 

еріктілер, әкімдік қызметкерлері, тәртіп сақшылары;

балабақша қызметкерлері. 

Ескерту. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың 2020 жылғы 25 маусымдағы жарлығына сәйкес, Ұлттық сараптама орталығында ақылы тестен өту тоқталыпты. Орталықтың сайтында тегін тестілеуден өту үшін емханаларға хабарласу керектігі айтылған. 

Сондай-ақ қалада жекеменшік зертханалардан ақылы түрде коронавирусқа тексерілуге болады. 

2. "Medical Partners Korea Clinic" ЖШС - кореялық скриниг орталығы. Қазіргі таңда орталықта екі мекенжай бойынша тест тапсыруға болады. Біріншісі - әл-Фараби көшесі бойындағы "Нұрлы Тау" бизнес орталығы (заңды тұлғалар үшін), екіншісі - Талғар мен Құлжа тас жолдарында орналасқан "Халық арена" спорт алаңы (жеке тұлғалар үшін). Тест бағасы - 15 500 теңге. 

3. "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасы. Сараптама бағасы - 15 400 теңге, бұған қоса тағы қосымша 540 теңге сынама жасауға төлеу керек. Тест тапсыруға онлайн-тіркелуге болады. Қосымша ақпаратты зертхананың сайтынан оқи аласыз.

4. "Медикер" ұйымы. Мұнда ПТР-тесттен өтуге болады. Бағасы - 19 000 теңге. Тексеріске 8 (701) 034-57-26, 8 (701) 034-57-23 нөмірлері арқылы жазылуға болады. 

5. INVIVO зертханасы. Мұнда Алматыдан алынған сынамалар Нұр-Сұлтан қаласына тексеріске жіберіледі. Тест бағасы - 18 500 теңге. Тексерістен өту үшін қалада орналасқан зертхана орталығына бару қажет. Мекенжайлар мен толық ақпарат ұйым сайтында

Айта кетейік, кейбір тест тапсыру орталықтарында кезек болуы мүмкін. 

Тексеріске барар кезде мына дүниелерді ұмытпаңыз: 

Медициналық маска мен жеке куәліктің болуы,

Кезекте әлеуметтік арақашықтықты сақтау (1,5-2 метр);

Сынама тапсырмай тұрып 3 сағат бұрын тамақ, сусын ішпеу, тексеріске ауыз қуызын тазалап бару. 

Тест нәтижесі бір-екі күнде дайын болады. 

Егер коронавирустың нәтижесі оң болса, ақырзаман төндірудің қажеті жоқ дейді мамандар. Бұл кезде дәрігерлердің нұсқаулықтарын орындап, мүмкіндігінше үйде оқшаулануға тырысу қажет. 

 

Талқылау