Қазақстандық дәрігерлер өкпеге массаж жасайтын аппараттардың жоқтығына шағымдануда
Әлеуметтік желілерде қазақстандық дәрігерлер елдегі барлық ауруханаларды виброакустикалық терапияға арналған құрылғылармен қамтамасыз етуді сұрайды. Вирустық инфекция кезіндегі өкпе асқынуларын емдеуде виброакустикалық терапияны қолдану маңызды болып табылады. Осы мәселеге қатысты вице-министр Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің сөзінше, елімізде бұл жүйе науқастың қайта қалпына келу кезеңінде ғана жүзеге асырылады. Емнің бұл түрін тек арнайы құрылғылармен ғана емес, жаттығулармен, дренажды массаж арқылы жүзеге асыруға болады.
"Виброакустикалық терапия Қазақстанда жүзеге асып жатқан хаттамалық емдеуде реабилитация кезеңінде қолданылады. Бұл - вибромассаж. Көбіне өкпеден сұйықтықты, қақырықты шығару үшін қолданылады. Дәрігерлер дренаж деп айтады. Бұл емді қолданған кезде қолмен де массаж жасауға болады. Көбіне бұл реабилитация кезінде, аурудың ең бірінші кезеңі өтіп, хроникалық созылмалы жағдайға ауысқанда науқас үшін оң әсерін бермек", - дейді Ажар Ғиният.
Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын министрлік 87 виброакустикалық құрылғы сатып алғанын айтқан болатын.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
