Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Коронавирустан өлді деді": Алматыда өзіне қол салған келіншектің денесін туыстары өз еліне алып кете алмай жатыр

Алматыда өзіне қол салған үш баласы бар келіншектің денесін бермей жатыр. Мұны қоғам белсендісі Дина Тәңсәрі мәлімдеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айперінің жақындары

Марқұмның туыстары полиция суицидке жеткізу бойынша істі қысқартқанын айтады. Себебі осыған дейін әйел тұрмыстық зорлыққа шыдамай, үйінде асылып қалған еді. Бірақ туыстарының айтуынша, полиция әйелді коронавирустан өлді деп, тезірек көмгісі келген. Жақындары оны Қырғызстанға апарып, сараптама жүргізіп, содан кейін сонда жерлегісі келген. Қазір олар әйелдің денесін Қырғызстанға алып кете алмай жатыр.

“Біз туыстардың талаптарына қосыламыз, Қазақстан Айперінің туыстарына оның денесі мен балаларын беруге, ал абьюзер күйеуін қамауға алуға міндетті деп санаймыз!

Оның қорлығынан жас келіншеккөз жұмды”, – деді Таңсәрі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыда үш баласы бар келіншек үйінде балаларының көзінше өз-өзіне қол жұмсағаны айтылды.

Талқылау