Коронавируспен ауыратын науқастарды оңалту жұмыстарын шипажайлар мен балалар лагерлерінде өткізу ұсынылды
"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шипажайлар мен балалар лагерьлерінде коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастар үшін оңалту курстарын өткізу ұсынылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біздің сауықтыру туралы ұсынысымызды денсаулық сақтау министрлігі қолдады, бірақ ол қайтадан іске асырылу сатысында, әрі қарай жалғасқаны жөн. Яғни, коронавирустық инфекциясы бар немесе пневмониямен ауыратын адамдар шипажайда сауықтырудан өте алады", - деді Юлия Якупбаева «Атамекен »ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туризм индустриясына арналған онлайн-конференция барысында.
Оған қоса, тек шипажайлар ғана емес балалар лагерьлерін де сауықтыруға қолдану ұсынылды.
"Тек санаторийлерге ғана емес, сонымен қатар балалар лагерьлеріне де баруға болады, бірақ оның қалай жасалатынын және тағы басқа механизмдерін қарастыру керек", - деп түсіндірді Юлия Якупбаева.
Оның айтуынша, бұл туристік индустрияны қолдаудың бір түрі бола алады және қиын кезеңдегі бизнес үшін кем дегенде біраз табыс әкелуі мүмкін.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
