Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа қарсы вакцина алған америкалық азамат бірнеше сағат өткен соң қайтыс болды

Америка Құрама Штаттарының тұрғыны COVID-19 вакцинасын салғаннан бірнеше сағат өткен соң қайтыс болды. Алайда өлімнің нақты себебі әзірге белгісіз.

укол

"Жуырда Плейсер округінің денсаулық сақтау қызметі мен округтің Шериф кеңсесінің коронавирустық бөлімшесіне желтоқсан айының соңында COVID-19 реакциясы оң нәтиже берген адамның қайтыс болғаны туралы хабарлама келді. Ол 2021 жылы 21 қаңтарда қайтыс болғанға дейін COVID-19 вакцинасын алды", - деп жазды кеңсе Facebook-те жасаған мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары өлімнің нақты себептері туралы айтуға әлі ерте екенін түсіндірді.

"Қазір тергеу жүріп жатыр, оның үстіне бірден үш деңгейде - жергілікті, федералдық және штат деңгейінде. Марқұмның уездік денсаулық сақтау бөлімінде вакцина алмағандығы баса айтылады.

БАҚ мәліметінше, Moderna әлде Pfizer екеуінің қайсысы қолданылғаны  әлі белгісіз.

Жақында қазақстандық азамат коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін көз жұмды деген ақпарат тарады. Бұған қатысты министрлік түсініктеме берді

Талқылау