Коронавирусқа қарсы вакцина Альцгеймер ауруын тудырады: Желіде тараған ақпарат жұртты шошытты
Қазақстанда әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакцина Альцгеймер ауруын тудыруы мүмкін деген ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Ақпаратта Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналары ауру тудыруы мүмкін екені айтылды. Автор-иммунолог Барт Классен бұған дейін де дәлелденбеген мәлімдемелер жасаған.
Хабарлама авторлары сүйеніп отырған дереккөзде осы жылдың қаңтар айында Microbiology & Infectious Diseases журналында жарық көрген иммунолог Барт Классеннің мақаласы туралы сөз қозғайды.
Маманның сөзінше, коронавирусқа қарсы Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналарының компоненттері ақуыздардың дұрыс ұйымауына себеп болады. Соның салдарынан Альцгеймер және Лу Гериг аурулары немесе бүйірлік амиотрофиялық склероз тудыруы ықтимал.
Бірақ Барт Классен бұған дәлелдер келтірмейді. Ол өз тұжырымдарында неге сүйенеді, қай жерде қандай зерттеулер жүргізгені белгісіз. Америкалық ғылым және денсаулық кеңесі бұған жауап ретінде Классеннің мақаласында.
Классен өзінің сайтында коронавирустық пандемия "шын мәнінде, биологиялық қару шабуылы болып табылады және 2001 жылы АҚШ-тағы сібір жарасына шабуылмен байланысты болуы мүмкін" деп болжам жасайды. Сондай-ақ оның пікірінше, SARS-CoV-2 қолдан жасалған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
