Соңғы жаңалықтар

"Коронавирус жұқтырғанымды 4 күннен кейін айтты": Ақтөбелік әйел дәрігерлердің жауапсыздығына шағымданды

Ақтөбе қаласының тұрғыны Шолпан Төлеулова дәрігерлерге шағымданды. Оған коронавирус диагнозын қойған, бірақ ол бұл туралы ПТР-тест тапсырғаннан кейін төрт тәулік өткен соң ғана білген. Әйелдің үш баласы бар. Ол осы уақыт бойы балаларыма қауіп төндірдім деп алаңдайды. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

коронавирус

Шолпан Төлеулова айтуынша, қазір жағдайы тұрақты. Ауруханаға барудан бас тартқан. Сөзінше, көбірек көмек керек басқа адамдар бар.

Ол дәрігерлердің коронавирусқа тапсырған тестінің нәтижесін кеш айтқанына наразы.

"Маған қызық, неге дүйсенбі күні айтуы керек нәтижені бейсенбі күні айтты. Бұл уақыт аралығында мен біраз жерлерге бардым, адамдармен сөйлестім, олардың арасында зейнеткерлер, кішкентай балалар болды. Мен адамдарды қауіпке қалдырдым. Ол үшін жауапты екенімді сезінемін",  -деді Шолпан Төлеулова.

Әйел отбасының да коронавирусты анықтайтын тест тапсырғанын атап өтті.

Шолпан қазір жеңіл жөтелі бар екенін, тамағы ауыратынын айтты. 

Қоғамдық денсаулық басқармасы жағдайға кінәлі адамды табатынын хабарлады. Ал нәтижені кешіктірудің себебі лабораториядағы жұмыстың көптігі екен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр