Коронавирус жұқтырған Назарбаев маусым айында кіммен кездескен
Коронавирус жұқтырған Назарбаев маусым айында кіммен кездескені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бейсенбі күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі Елбасы коронавирусты жұқтырғанын хабарлаған болатын.
"Айдың басынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі өте тығыз болды. Елбасы бірқатар келіссөздер өткізді және ресми тұлғаларды қабылдады. Сонымен қатар, тұңғыш президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Барлығы 40-тан астам адам теледидар түсірілімін ұйымдастыруға қатысты, олардың ішінде шет мемлекеттердің азаматтары да бар", - деді Айдос Үкібай.
Оның айтуынша, жалпы алғанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына қатысты жағдай медициналық қызметтердің бақылауында.
"Дүрбелең мен алаңдаушылыққа негіз жоқ. Елбасы заманауи байланыс арналарын қолдана отырып, қашықтықтан жұмыс істеуді жалғастыруда", - деді Үкібай.
Бекітілген хаттамаға сәйкес, бірінші президенттің басқа адамдармен жеке байланыстары шектеулі. Елбасының қатысуымен жоспарланған кейбір іс-шаралар интернетте бейнеконференция арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Елбасының ресми сайтындағы хабарларға қарағанда, 2-маусымда Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен жеке кездесті.
Сол күні Елбасы Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, ол оған Қауіпсіздік Кеңесінің коронавирустық індетке қарсы тұру жөніндегі шешімдерін орындау барысы туралы хабарлады.
Сәрсенбі, 3-маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Тұңғыш президентпен тығыз байланыста болған оның көмекшісі Данияр Ақышев пен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.
3-маусымда Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад аль-Джабермен кездесті.
7-сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың Асқар Маминмен кездескен. Алайда төтенше жағдайлар кезінде Елбасы жұмыстан тыс ешкіммен қарым-қатынаста болмапты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
