Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған балаларда ауру белгілері қалай байқалады: Маман жауап берді

Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова айтты коронавирус жұқтырған балалар ауруды жеңіл өткеретіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маман балалар да дәл үлкендер секілді коронавирус инфекциясымен ауруы мүмкін екенін айтты. Алайда оларда ауру жеңіл түрде өтіп, айтарлықтай ауыр белгілер байқала бермейді екен. Дегенмен, коронавирус жұқтырған балаларға да қажетті санитарлық нормаларды сақтаған жөн. Өйткені олар да вирус тасымалдаушысы бола алады. 

"Иә, коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар ауруды жеңіл өткізеді, айтарлықтай жеңіл өткізеді. Бірақ бұл бізге уайымдамау керек дегенді білдірмейді және санитарлық-эпидемологиялық нормаларды, гигиеналық нормаларды сақтау керек. Карантин ережелерін де қатаң сақтау керек", - деді дәрігер Алматы қаласы ОКҚ онлайн-брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ғалымдар балалар қай жастан бастап коронавирусты белсенді жұқтыратынын айтқан болатын. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр