Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар балалар қай жастан бастап коронавирусты белсенді түрде жұқтыратынын анықтады

Оңтүстік Корея мамандары ауқымды зерттеу жүргізіп, он жастан асқан балалар коронавирусты ересектермен қатар жұқтырады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Он жасқа дейінгі балалар басқаларға коронавирусты аз жұқтырады. Сарапшылар мұны олардың ересектерден аз ауа шығаратынымен байланыстырады.

Сонымен қатар, балалардың бойы қысқа, сондықтан жерге жақынырақ дем шығарады, бұл ересектердің осы ауамен жұқтыру ықтималдығын азайтады.

Ал 10-19 жастағы адамдар ересектерден гөрі көп мөлшерде айналасындағыларды жұқтыруы мүмкін. Олардың бойы ересектермен бірдей, бірақ олардың әдеттері гигиеналық жағынан кішкентай балалармен бірдей.

Ғалымдар сонымен қатар жасөспірімдер өз құрдастарымен көбірек қарым-қатынас жасайды, демек, вирус жұқтыруы әбден мүмкін деп қорытындылады. 

Талқылау