Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Коронавирус, кет”: Беташар жасаған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды

Облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны үй жағдайында беташар рәсімін өткізгені үшін жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамаққа алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Тараз қаласының полиция басқармасы қызметінің басшысы Мамытбековтың айтуынша, бет ашар рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескерткен.  


Коронавируста беташар жасады: Қазақстандықтар желідегі видеоны талқылауда

Жамбыл облысы полиция департаменті төтенше жағдай кезінде бекітілген нұсқауларды бұзып, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірген азаматтар жазаға тартылатынын ескертті.Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жұмыс режимін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында күн сайын ойын-сауық мекемелеріне рейд өткізеді. Елімізде режим енгізілгелі бері облыс бойынша полиция қызметкерлері ТЖ ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырды.

Оның ішінде сегіз адамға айыппұл салынып, екеуі ескерту алып, бес адам әкімшілік жазаға тартылды. Әрбір тәртіп бұзушыға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  476-бабымен әкімшілік жаза тағайындалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр