"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жыр болған дәретханаларды сынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі туризмнің мәз емес жағдайына тоқталды. Осы орайда, ол жұмысты, алдымен, дәретханалардан бастау керегін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз әрдайым Ақмола облысының табиғи-рекреациялық ресурстар мен мәдени мұра нысандарына бай екенін жиі айтамыз. Алайда оның туристік әлеуеті толықтай ашылмады», - деді президент.
Тоқаев бүгінгі таңдағы ЖӨӨ-дегі туризм саласының үлесі 0,5%-тен аспайтынын айтты. Бұдан өзге аталған саланың артта қалуына әсер етуші нақты факторлардың бар екеніне тоқталды.
Тағы оқыңыз >>> Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды
«Егер ең қажетті – жолдағы дәретханаларды ретке келтіре алмасақ, қандай қызмет көрсету сапасы туралы айтамыз? Оның қорқынышты жағдайы туралы жалқаулар ғана айтпаған шығар», - деп қорытты сөзін мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларының баяу жүзеге асуын сынаған болатын.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді