"Көріпкелдің арқасында мойнымдағы қалды білдім": Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов КешREC бағдарламасында қонақ болып, имиджіне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі неліктен шашын қимайтынын түсіндірді.
"Шашым ақырындап түсіп жатыр. Жақында толық түседі. Қазір имидж ауыстырып қайтемін?! Менің мойным өте ұзын. Мойнымда алаққанның көлеміндей қал тұр. Оның өзіндік тарихы бар. Кезінде анам құрбысымен емші көріпкел және құмалақ ашатын Аюп деген атамызға барып, "құрбыма құмалақ ашып бер" деп өтінген. Сол кезде атамыз анама қарап, "құмалақ сенің құрбыңа емес, саған түсіп тұр" депті. Кейін "Сенің кішкентай балаң бар екен. Үйге барған соң, мойнында, желке тұсында ақ қал болуы керек, қара! Болса жеті мүшесінің біреуі кем болады, бірақ аман болады. Ал егер болмаса – қауіп. Мал сойып, садақа беріп, бірдене қыл" дейді екен. Бір күні далада ойнап жүрсем, мамам айғайлап шақырып алды. Жасым ол кезде 5-те болатын. Кейін "бар екен" деп жібере салды. Күнде таңертең 5-6-да оятып, тұрғызып алады. Қаламмен қалымды сызады. Сызғанда орны қарая береді. Қарайып-қарайып жоғалып кетеді. Содан қалған дақ бар. Соны шашыммен жабамын”, – деді әнші.
-
"Фарида сияқты қызыңыз": Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді
-
"10 жыл бірге шаш өсірдік": Нұрлан Амиров әріптесі Ұлықпан Жолдасовты туған күнімен құттықтады
Одан кейін көріпкелдің айтқаны дәл келіп, түрлі жарақат алған. Бүгінде сол сүйегі қисық біткен көрінеді.
“Көріп жеті мүшесінің біреуі кем болады дегені дәл келді. 3-сыныпта қолымды сындырдым. Қазір қолым қатты бүгілмейді. Сөйтіп қысқарып қалған, одан кейін қисық бітті. Осы қолмен әскерге де барып келгенмін. Қазір қолым қатты бүгілмейді. Қысқарып қалған, бір жағынан қисық. Осы қолмен әскерге барып келдім. Қолымды жасырып, хирургке ақша беріп, тексерістен өтіп кеттім", – деді өнер иесі.

Бір жылда 4 миллион теңгеге өскен: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің оқу ақысы келесі жылы қалай өзгереді?
