Көріпкел Турсуной Закирова Тәжікстанда жәрдемге мұқтаж жандарға үй салып берді
Атақты телешоудың жеңімпазы Турсуной Закирова Тәжікстанның өзге елдерге де танымал. Тәжікстанда бұл әйелге көріпкелдігі үшін емес, қайырымдылығы үшін алғыс айтады. Закирова бірнеше отбасына қамқор бола білді.
Бұл туралы “Открытая Азия” хабарлайды.
Есімі мен көріпкелдігі әжесінен қалған. Бойындағы көріпкелдігін анасы өмірден озған соң байқай бастайды.
Өзінің ерекше қасиетінің арқасында омырауындағы қатерлі дерттен айыққан. Кейін ақырындап өзгелерді емдей бастапты. 2008 жылы “Экстрасенстер шайқасы” бағдарламасына қатысып таныла бастады.
Бүгінде Мәскеуде Закированың есімімен байланысты екі орталық бар. Сеанстары арзан тұрады. Оған жұлдыздар мен кәсіпкерлер де келіп жатады. Закироваға келетін адамдардың көбі өмірге қиындық көрген жандар.
“Адам қолынан кеп тұрғанда өзгелерге көмектесу керек. 2009 жылы қайырымдылық қорын аштық. Ең бірінші біз жәрдемге мұқтаж балаларға көмектесеміз, өйткені олар біздің болашағымыз. Сосын кембағал жандарға қол ұшын береміз”, – дейді Закирова.
Ол қайырымдылық ретінде үлкен үй салған. Өзінің туған қаласы Гулистонда көп отбасына жәрдемдескен. Дәстүрлі медицинаны да ұстанады. Қор ақшасына қала мен ауыл емханаларына қажетті құралдар алады. Сонымен қатар шетелде оқығысы келетін медицина мамандығының студенттеріне көмектесіп жатады.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық Интерпол өкілдігінің экс-басшысы қайынатасымен үй үшін соттасуда
Қазақстандық боксшы сынған қолымен жекпе жекке шығып, қарсыласын жеңді
Әлемдегі пәктігін сақтаған ең қарт қария нәпсіні тыюдың сырын айтты
Елдің дауына айналған атышулы “Келін” фильмі Үндістанда көрсетілмек