Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көргім де, естігім де келмейді": Бақыт Шадаева үйін тартып алған Сейфуллин Жолбарыспен арақатынасы туралы айтты

Танымал әнші Бақыт Шадаева El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында өнердегі әріптесі Сейфуллин Жолбарысқа өкпесі қара қазандай екенін айтты. Отандық жұлдыздардың қарым-қатынасы мүлдем бұзылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Осы дау басталғалы екеуімізздің арақатынасымыз мүлдем жаман болып кетті. Ол жігіттің жауап бермегеніне ішім ашиды. Оны көргім де, естігім де келмейді. Өйткені ер азамат жігіт болу керек, қалай болғанда да дұрыс жауап беру керек қой. Әйелдің қасында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне мен одан үлкенмін. Оның бәрін ұмытып, тек өзін қорғап алып жатыр. Онысы дұрыс емес. Ол іште қалған өкпе. Егер досыңыз үйіңізді тартып алса, сіз ұмыта аласыз ба? Егер де сізге жауап бермей жоғалып кетсе, оның үстіне әрбір сұхбатында сіздің өзіңізге шабуыл жасаса. Қалай қарайсыз? Мен де адаммын”, – дейді Бақыт Шадаева.

Әнші досы Сейфуллин Жолбарыспен ара болған жанжалға не себеп болғанын айтып берді.

“Бұл дау Сейфуллин Жолбарыс алған үйімнің ақшасын бермегендіктен шықты. Бұл жерде зардап шеккен мен”, – деді өнер иесі.

Екі әншінің арасындағы дау шығармашылыққа да әсер еткен. Бағдарлама жүргізушісінің “Сіз орындап жүрген хит әндердің авторы Сейфуллин Жолбарыс болып, даудан кейін әндерді басқа әншілерге таратып бергені рас па?" деген сауалына әнші: “Иә, рас. Солай жасап жатыр, жасай берсін, білгенін істесін. Мен оның әндерін кейінгі кездері айтпаймын. Біріншіден, ол әндердің уақыты өтіп кетті. Екіншіден, ол әндердің бәрін мен орындадым. Қазір жаңа бағытта, жаңа стильде ән айтқым келеді. Мен ол әндерді халыққа жеткізе алдым. Мен бауырым, әріптесім, талант ретінде Сейфуллин үшін көп нәрсе жасадым”, – деп жауап берді.

Талқылау