Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі Жеңіс күніне орай әскери парадтың неліктен өтпейтінін түсіндірді

Қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күніне орай әскери парадтың өткізілмеу себебін түсіндірді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

парад

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери парад бюджет қаражатын үнемдеуге байланысты жоспарланбаған. 

"2022 жылы Қазақстанда бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ", –  делінген министрлік хабарламасында.



Министрлік Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындауға басымдық беріп отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін елімізде Жеңіс күніне орай әскери парадтың өтпейтінін хабарлаған едік. 

Назархан Уән
Жұма, 15 Сәуір, 2022 12:50
Талқылау