"Тыңшылық жасаған": Қорғаныс министрлігі Польшада әскери атташе көмекшісінің ұсталғанын растады
Фото: freepik.com
Қорғаныс министрлігінің халықаралық байланыстар орталығы Польша құқық қорғау органдарының Қазақстанның әскери атташесі аппаратының қызметкерін ұстағанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, қазір бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен байланыс орнатылған. Қазақстан азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Польшаның арнайы қызметі Қазақстанның Украинадағы елшілігінде жұмыс істеген әскери атташенің көмекшісін (елшілікке немесе миссияға белгілі бір маман ретінде жіберілетін адам) тыңшылық жасады деген күдікпен ұстаған. ABW (Польша арнайы қызметі) дерегінше, ол әскери барлау офицері болып, Польша мен оның одақтастарына қарсы тыңшылықпен айналысқан.
Ер адам 30 шілдеде Быдгощ қаласында қамауға алынып, сот оны үш айға қамау туралы шешім шығарды. БАҚ оның есімін Ануар Б. деп атады. Ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінде бір жарым жыл қызмет еткен.
Дипломатиялық иммунитеті тек Украина аумағында ғана күшінде болғандықтан, Польша билігі оны кедергісіз ұстаған.
Алматы облысында құлаған тікұшақ: Үшінші адамның мәйіті табылды
Украинадағы соғысқа қатысқан Атырау тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды
Еске салайық, бұған дейін Лондон соты Қазақстанның беделіне нұқсан келтіру мақсатында жұмыс істеген ресейлік тыңшыларға қатысты істі қарады. Ресейлік тыңшылар Қазақстан билігін сынау үшін "Боратты" жалдамақ болғанын жазған едік. Сотта күдіктілер алқабилерге ресейлік қауіпсіздік қызметтері қазақстандық арнайы қызметтерге ұйымдастырылғалы жатқан наразылық акциялары туралы жалған ақпараттар беріп, "олардың ықыласына ие болғысы" келгендері туралы мәлімдеме жасады.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
