Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кореядағы секс-құлдықтан құтылған қазақ қызы сол жердегі отандастарының атынан көмек сұрады

Қазақстандық бойжеткен құрбысына алданып секс-құлдыққа түскен. Одан құтылып шығу үшін үш ай ішінде түрлі тәсіл қолданған. Бүгінде елге аман-есен оралған Айымгүл Сеулде құлдықта жүрген қазақ қыздарының көп екенін жеткізді.

2b69d5f848dc4faeb027aab118035a75bb571388

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Айымгүл Маратқызына (есімі өзгертілді) құрбысы Сеулге барып білімдерін жетілдіре түсуді ұсынады. Бойжеткен бұл ұсынысқа келісіп, Кореяға барады. Артынша өзінің алданғанын біледі. Өкінішке орай, телефонын алып қойғандықтан, екі жарым ай бойы туғандарына шындықты айта алмай жүреді. Бүгінде бойжеткен елге оралған. Десе де, іштей әлі де қиналып жүргенін жасырмайды.

“Әлгі құрбым шаш үлгісін жасайтын. Мен маникюр мен макияж жасаймын. Бір күні ол маған Сеулге барып сертификат алуды ұсынды. Осылайша, дәрежемді көтеріп, кейін жоғары жалақы ала алатынымды айтты. Сенгендіктен, Кореяға бірге бардым. Біздің қасымызда тағы да бір құрбымыз болды. Үшеуіміз бір кеңсеге кірдік. Біреулер бізге кофе ұсынды. Оны ішкеніміз сол еді ұйықтап қалдық. Оянғанымда жалғыз сол бөлмеде жаттым. Құжаттарым мен ұялы телефонымды сол жерде жүргендер алып алды. Біз барған жер қонақ үйге ұқсайды. Екі-үш ай маған үш жылдай көрінді. Мені күніне 18-20 адаммен төсектес болуға мәжбүрледі. Ертіп барған құрбым мені мазақ қылып, арасында айтқандарымды кәріс жігіттеріне аударып беріп отырды. Қазақстандағы ата-анаммен сөйлестірді. Бірақ, артық әңгіме айтатын болсам, өлтіреміз деп қасымда қорқытып тұрды. Сол себепті, олардан көмек сұрай алмадым”, – дейді бойжеткен.

Айымгүл амалын тауып туғандарына смс-хат жіберіп үлгереді. Артынша өзіне ғашық болған жігіттің телефонын алып, полицияға хабарласады.

“Бір күні жаңағы қыз телефонмен сөйлесіп сыртқа шығып кетті. Мен қасымдағы телефонды алып, досыма хат жаздым. Жауап қайтармауын өтініп, шұғыл көмек сұрадым. Тұрған жеріміздің мекен-жайын да жіберіп үлгердім. Ол елшілік арқылы мені іздеуге кіріскен екен. Жаңағы қонақ үйдегі әкімгердің досы мені ұнататын. Сол кісі маған тамақтанып қайтуды ұсынды. Екеуіміз ағылшын тілінде тілдесіп жүрдік. Одан үйіме сурет жіберемін деп алдап, телефонын сұрап алдым. Өзі ішімдікке масайып қалды. Ал оққағарлары бізден алыста отырды. Wi-Fi желісі ашық болғандықтан, сол жерге полиция шақырып үлгердім. Олар менімен еріп келген үш жігітті ұстады. Мені жапа шеккендерге арналған үйге апарды. Ол жақта Қазақстаннан мен ғана болдым. Олардың үстінен арыз жаздым. Сот экспертиза жүргізді. Сөзімнің барлығы расталды. Төрт адамның үшеуі ұсталды. Бірақ, елшілікте олардың мүлкін тәркілеп, өздерін босатқандарын айтты”, – дейді Айымгүл.

Үш айдың ұзақ көрінгенін бойжеткен жылап отырып айтты. Қазақстандық ата-аналардан шетелде жүрген ұл-қыздарының жағдайын жиі сұрап тұруын өтінді.

“Барша қазақстандықты әлгі Алтынай есімді қыздан сақтануға шақырамын. Өзі 1992 жылғы. Шаштараз, даяшы, әкімгер болып жұмыс істейді. Кореяда 4-5 секс-құлдыққа арналған үй бар. Сол жерде қазақ қыздары өте көп. Әсіресе, Алматы, Талдықорған қалаларынан. Егер қыздарыңыз “Кореяда бала күтушісі болып жұмыс істеймін” десе, сенбеңіздер. Сол жақтағылар оларды осылай айтуға, отбасына күліп түскен суреттерін жіберуге мәжбүрлейді. Мұнымен қатар, шекарада қатаң бақылау орнатылса деген тілегім бар”, – дейді Айымгүл Маратқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылық азамат Хэллоуин мерекесіне не үшін ұлттық киім кигенін түсіндірді

Илья Ильин Хэллоуин мерекесін Джокер стилінде атап өтті (фото)

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Хеллоуинге арналып әзірленген декорация Ақтөбе тұрғындарын шошытты

Талқылау