Алматылық азамат Хэллоуин мерекесіне не үшін ұлттық киім кигенін түсіндірді

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 16:12

Стилист Рафаэль Ромен өзіне сын айтқандарға жауыз образын қазақ ертегілерінен алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

55555555

«Өскелең ұрпаққа кері тәрбие беретінім туралы жазғандар көп. Құрметті ұятмендер мен жалған мұсылмандар! Мені айыптамас бұрын өз балаларыңызға еге болыңыздар. Сөздеріңіз өтпейді екен, ендеше оларды тәрбиелеумен айналысқан жөн шығар?! Өз қалауыммен өмір сүремін, менің де өз достарым, мені түсінетін жандар бар. Біреудің алдында ақталар немесе Хэллоуинге не себепті мұндай киім таңдағанымды түсіндіретін жайым жоқ. Ал суреттегі менің сұқ саусағыма келер болсақ, оны жиі қолданамын. Оның айтарлықтай астары жоқ, Жалпы бұл менің жеке парақшам. Барлықтарыңызды өзімнің 21-ғасырыма шақырамын», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Стилистің бұл жазбасы желі қолданушыларын одан сайын ашуландыра түсті.

«Алдымен өз ата-анаңа айт, сені тәрбиелесін», «Рафаель сияқтылар ұлтымызға еш жақсылық әкелмес, мүмкін өнерге алып келер. Алайда артында мықты ұлт тұрмаса өнердің кімге керегі бар?», «Ана ретінде балаларымның сіз сияқты болғанын қаламас едім», – деп пікір білдірді олар. Есесіне Рафаельдің ұстанымын қолдайтындар оған жағымсыз пікірлерге мән бермеуге кеңес берді.

Естеріңізде болса, желіде Рафаельдің жариялаған суреті үшін дау туған еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Илья Ильин Хэллоуин мерекесін Джокер стилінде атап өтті (фото)

Ағасы мен қарындасы әйгілі Дракула қорғанында табыттың ішінде түнеп шықты

Хеллоуинге арналып әзірленген декорация Ақтөбе тұрғындарын шошытты

Екі ай бұрын жоғалған қырғыз қызын қазақ жігіті күштеп ұстап отырған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 4 күні кері

Сол шошаитқан саусағын бір күні өзіңе кесірің оңбай тигізер,сол кезде саусағыннан айрылып басына ми кірер.

Анонимно
1 ай 5 күні кері

Еркек уксап журсей

Анонимно
1 ай 5 күні кері

Адам емес ит екенсің.Бекер туған адам екенсің

Анонимно
1 ай 6 күні кері

мна сурет мени катты ашуга келтирды казакша киим тандаганы дурыс болмады киер алдында улкендерден кенес алу керек еды

Анонимно
1 ай 6 күні кері

əркім өстіп қателестед менің өмірім дид сол өмір бəріне кесел болад, адам бол адамдық қасиет істе ертен сен өзге үшін емес өз басын үшін жауап бересің ақретте бұл қазаққа жат нəрсе 21 ғасыр дейміз бұл ғасыр білім ғасыры ,шəйтəндік емес еркексіңбе ердің ісін істе .

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар