Хеллоуинге арналып әзірленген декорация Ақтөбе тұрғындарын шошытты

Жұма, 28 Қазан , 2016 13:55

31 қазан қазан күні әлемдегі көптеген елдер (оның ішінде біз де бармыз) АҚШ-қа еріп Хэллоуин – пұтқа табыну мерекесін тойлайды. Шыны керек, қорқынышты образда киініп, бұл «мерекенің» атап өтілуіне өзіндік үлесін қосатын жастардың басым бөлігі оның мән-мағынасына терең үңілмейді. Соған қарамастан, қызықтың артынан еріп, пұтқа табыну күнін мерекелейді.

хэллоуин

Хэллоуинге үш күн қалды! Желіде бұл «мерекеге» орай арналып ұйымдастырылып жатқан шаралар тізімі тарауда. Сол сияқты көңіл көтеруге арналған кейбір мекемелер өз ғимараттарын безендіріп, Хэллоуин кешін тойлауға шақыруда. Бұл жағдай Ақтөбе қаласын да айналып өтпеді.

Жергілікті дәмханалардың бірі ғимараттың сыртына Хэллоуиннің белгісі болып табылатын қорқынышты образдарды іліп қойған. Мұны желіде Ақтөбе тұрғындары қызу талқылауда. Адамның асылып қалғанын көрсетіп тұрған бейнені көрген желі оқырмандары тіптен ашуланды.

«Жастарға неге тыйым салмайсыңдар әкімшілік не басқа да органдар?» «Кейбір адамдардың жақындары осындай қалыпта көз жұмған. Мынадай креативтен кім не табады? Қатты тойлағыларыңыз келіп бара жатса, өрмекшіні не басқа да образдарды қоймадыңыздар ма?» «Америкада тұрмайтын сияқты едік», «Бұл қазақтың мейрамы емес. Қашанғы айтуға болады?» «Масқара ғой мынау, әкімшілік қайда қарап отыр? Айдың-күннің аманында жаманшылық шақырып тұрғандай», – дейді ашуланған желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Әсем әнді еріксіз “күле” тыңдап ұйықтап кете берген бүлдіршін елді күлкіге қарық қылды (видео)

Жастардың ортасында бөксесімен эротикалық би билеген бойжеткен елді шошытты (видео)

Қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел не себепті мұндай әрекетке барғанын айтты (видео)

Оралда сотты болған Оңдағановтың үйі мемлекеттің меншігіне өтеді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар