CІМ Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігітке қатысты жаңа мәлімет айтты
Кореяда бүлдіршінді көлікпен қағып кеткен Қазақстан азаматы мемлекеттік адвокатын жеке меншікке ауыстырды.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ресми өкіл Айбек Смадияров мәлімдеді.
СІМ хабарлауынша, тергеу шаралары жүргізілуде.
«Оның тергеудің мазмұны мен өткізілуіне қатысты ешқандай шағымы жоқ. Біздің ақпаратымыз бойынша, қазір ол өзінің адвокатын жеке меншікке ауыстырады және өзін қорғайды», - деді Смиядияров брифинг барысында.
Бұл істің егжей-тегжейін жақында күдіктімен үнемі кездесіп тұратын Кореядағы Қазақстан консулы ашады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында 20 жастағы қазақстандық жігіт үйіне кетіп бара жатқан 7 жасар баланы қағып кеткені хабарланған еді. Алайда ол ертесі күні мемлекеттен кетіп қалған. Артынша қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға өз еркімен қайтып оралды.
Тағы оқыңыз: Оңтүстік Корея туралы 70 мәлімет

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
