Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көретін бағдарлама емес": Қазақстандық жұлдыздардың "Қалаулымға" көзқарасы қандай

"Қалаулым" бағдарламасы экранға шыққалы бері оған айтылып жатқан сын толассыз. Танымал тұлғалар тарапынан да бағдарламаны жабуды қолдайтындар аз болған жоқ. Бұл ретте қазақстандық жұлдыздар "Қалаулым" бағдарламасын көре ме? Бағдарламаны қажетті емес деп санайтындар кімдер? 

Бұл туралы "OYBAY SHOW" бағдарламасында айтылды. 

"Шаншар", "Алдараспан" театрының бұрынғы актрисасы, бүгінде бірнеше телесериалдың жұлдызы болып жүрген Жұлдызай ханым "Қалаулымды" көретінін жасырмайды. Алайда оның халыққа бере еш пайдасы жоқ деп есептейді. 

"Бағдарламаны көрмеймін деп өтірік айтпаймын. Бірақ арнайы отырып, бастан-аяқ көрмеймін. Ютубтан, желіден көріп қаламын. Не болып жатыр екен деп қызығушылықпен қараймын. Бірақ, одан ешнәрсе алып жатқан жоқпын. Ешқандай тәрбие жоқ. Ол жерде отырған ұл-қыздар кейін балаларына не тәрбие береді? Мен соны түсінбеймін", - деді актриса. 

Ал, Лидия Кәденова бағдарламаны мүлде көрмейтінін айтып үзілді-кесілді қарсы болды. 

"Көрмеймін мүлде. Бастапқыда 1-2 рет көргенмін. Қазір тіпті қарамаймын", - деді ол.

"Жігіттер" әншісі Айдар Тұрғанбек те бағдарламаға қарсылығын білдірді. 

"Бұл бағдарламадан алатын тәлім-тәрбие жоқ деп есептеймін", - деді әнші.

Бұған Гүлзира Айдарбекованың да айтпағы бар.

"Оны көрген ұл-қыздар тәрбие алу керек. Жоқ ондағы қыз-жігіттер бір-бірінің бетін жұлып алуға дайын тұрады. Ол дұрыс тәрбие емес", - деді продюсер. 

Әнші Шахизада да бір кездері осы бағдарламаға қонақ болып барғанымен, онысына бүгінде өкініп жүр.

"Мен осы бағдарламаға шақырған соң қонақ болып барғанмын. Бірақ қазір барғаныма өкінемін. Бағдарлама ұнамайды", - деді әнші. 

Айта кетейік, ел ішінде қызу талқыға түскен отандық бағдарламаны қолдағандар да, оның жабылуын қалағандар саны да аз емес. Бұл сын ел президентінің құлағына дейін жеткені белгілі. Өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаев "Қалаулымға" қатысты тапсырма бергені мәлім болды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли халық қол жинап, бағдарламаның жабылуын талап етіп жатыр деген еді. 


Тағы оқыңыз:

Айдай ханымның "Қалаулым сен" жобасын жүргізгенін қаламаймын: экс-қалаулымдық Айдос жоба шындығын айтты

"Неліктен карантин кезінде түсірілім тоқтатылмады": Нұрболхан Шарап "Қалаулымның" жабылуын тағы да талап етті


 

Талқылау