Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көрерменнің бірі Қайрат Нұртастың мың долларлық көзілдірігін шешіп алды (видео)

Қайрат Нұртас Ақтөбеде концерт берді. Ән кешіне әншінің үлкен-кіші тыңдарманы толық жиналды. Кеш барысында түрлі қызықты оқиғалар болды.

Желіде Қайрат Нұртастың Ақтөбеде өткен концертінен үзінді  жарияланып жатыр. 

Әншінің тыңдармандары онымен бірге суретке түсіп, қаумалап алды. Көрерменнің бірі әншінің рұқсатынсыз көзілдірігін шешіп алып қалды. Бұл сәт желіде қызу талқыға түсті. 

“Бұл Ақтөбе. Қайрат Нұртас. Әншінің көзілдірігін рұқсатсыз шешіп алды. Бұл біздің жігіттер”, – дейді видео авторы. 

Желі қолданушылары әншінің жас тыңдармандарына назын айтып жатыр. 

“Ән айтуға мүмкіндік бермеді ғой”, “Күзет жоқ па?”, “Жабай секілді”, “Көзілдірікте тұрған не бар, тыңдарман сондай болу керек”, “Қайрат Нұртас бәрін шулатты”, “Біздің жігіттер осындай, бермесең қолыңнан”, “Өнерің өрге жүзсін, тағы да жүздескенше”, – дейді желі қолданушылары. 

Әнші батыс өңірде концерт беріп жүр.

“Ауа райының қолайсыздығана байланысты көлікпен шығуға тура келді. Ақтау бүгін кешке кездескенше”, – деді Қайрат Нұртас күні кеше. 

Бұған дейін Қайраттың концертінен үзінді кадрлар желіде жарияланған еді. Әнші кеш барысында 17 жасынан бастап танымалдықты ешкімге бермей келе жатқанын айтып әзілдеді.

Талқылау