Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көрермендерді жынды санамасын": Ержан Максимнің «Голос.Дети» шоуындағы жеңілісі үлкен дауға айналды

Қазақстандық Ержан Максим жеңіліс тапқаннан кейін «Голос.Дети» шоуының төңірегінде үлкен дау туды. Танымал ресейлік әнші Алсудың қызының жеңімпаз атануы және шоудағы дауыс беру нәтижелері көрермендер арасында ғана емес, сондай-ақ танымал жұлдыздар арасында қатты сыналуда, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көрермендерді жынды санамасын": Ержан Максимнің «Голос.Дети» шоуындағы жеңілісі үлкен дауға айналды

Әнші Алсудың және банкир Ян Абрамовтың қызының «Голос. Дети» шоуындағы жеңісі шоу-бизнес өкілдері мен көрермендер арасында әлі айтылуда. Олар конкурс қорытындысы әділетсіз және дауыс берудің нәтижелерінде алаяқтық болды дейді.

БАҚ-та Алсудың қызы оған дауыс беруді сұраған ресейлік эстрада жұлдыздарының арқасында жеңіске жетті деген ақпарат тарады. Атап айтқанда, «Комсомольская Правда жазғандай», Наташа Королева өзінің блогында Микеллаға дауыс беруді сұраған. Ал осы шоудың төңірегінде дау туғаннан кейін, әнші шын мәнінде, қазақстандық Ержан Максимнің жеңімпаз атануы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, ол желі қолданушылары жағымсыз пікірлерді қарша боратқан Алсудың қызын табаламауға шақырды.

«Ержан Максим жеңіске жетуі керек еді - бұл, нақты. Бірақ, біз мейірімді болайықта! Олар біздің балаларымыз. Оларға қатысты  соншалықты жағымсыз сөздер жазудың қажеті не?»,- деп жазған Наташа Королева.

Ал бірінші арнаның баспасөз қызметі журналистердің үндеуіне жауап ретінде, көрермендік дауыс беру барысында оператордың «кейбір ауытқулардың» бар екенін атап өтті.

Дегенмен, Ержан Максим байқауда жеңіліс тапқанымен, көрермендер оны белсенді түрде қолдауда.

«Жоба ұйымдастырушылары пікірлерді оқып, көрермендерді ашықтан-ашық жынды санауға болмайтынын түсінер деп сенемін. Бұл ұят! Жеңістің лайықты адамға берілмегені анық көрініп тұр... Тіпті балалар шоуын да бүлдірген. Жиіркенішті. Енді бұл шоуды қарамаспын»,- деген пікірлер жазған.

Ал Ержанның анасы Гүлмира Әлібек «Комсомольская правда» тілшісіне берген сұхбатында ұлының жеңілісті қалай қабылдағанын айтып берді.

«Ержан жеңіске жетпегеніне көңілсіз. Енді ештеңе жасай алмайсың», - деп түсіндірді Ержанның анасы. Сонымен қатар, финалистің анасы шоуға қатысты отбасының ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Байқаудың әділетсіз өткенін алғаш болып танымал ресейлік әртіс Максим Галкин айтқан болатын. Әріптесінің пікірін ресейлік продюсер Иосиф Пригожин де қолдады. 

Ал, актер Станислав Садалский Алсудың қызының жеңісі туралы тіпті, қатаң пікір білдірді.

«Лукойл» мұнай магнаты Сафин Ралиф Рафиловичтің немересі, Алсудың қызы "Голос. Дети" байқауында жеңіске жетті және 1 миллион рубль жүлде алды... Оның жеңіске жетеніне кім күмән келтірді дейсің. Әрине, Алсудың қызының дауыс тембірі жаман емес және ол әнді жақсы айтады. Бірақ, ол жерде дауысы бұл қыздыкінен жақсы балалар болды. Олардың бәріне жаның ашиды. Бірақ, бұл – 1-арнадағы біздің көңілге тиерлік шындығымыз», - деді ол өзінің Instagram парақшасында.

Дауыс берудің нәтижесін қателік деп атаған әнші Валерий Меладзе де үнсіз қалмады.

«Дауыс бағдарламасы өтіп кетті, бірақ түйіткіл қалды. Нәтижелерді қайта қарау  жақсы іс емес, бірақ «Бірінші арна» мұны жасайды деп үміттенемін», - деді ол РИА «Новости»тілшісіне берген сұхбатында.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасымен есірткі сатқан: Героин саудасын қыздырған әкесі мен баласы ұсталды

14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 200 келіге жуық марихуана және сатуға дайындалған пакеттер тапқан

"Аллаһу акбар, астана біздікі": Қару-жарақтарын көрсеткен елордалық жігіттердің видеосы тарап кетті (видео)

Видеода қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр

Құрғақшылық жайлауы мүмкін: Ғалымдар еліміз 10 жылдан кейін ауыз суға тапшы болатынын ескертті

Ғалымдар 2030 жылға қарай тіршілік нәрінен тарыға бастаймыз деп дабыл қақты

"Машинист кабинаға қысылып қалған": Екібастұзда теміржол апатынан 28 вагон аударылып қалған

Апат салдарынан 350 метр рельс жолағы да зақымданған

Бөренемен ұрып, пышақтап тастаған: Үш жасар қыз бен анасын өлтірген ер адамға үкім шықты

Марқұмның ағасы сот үкімімен келіспейтінін айтты

"Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама": Балғынбек Имашев бір әйелді "жетістіріп" алуға кеңес берді

Ақын: Айтысқа шықпауыма діннің еш қатысы жоқ

"Мама, үйге қайтайықшы" деді: Ауруханада көз жұмған 5 жасар қыздың отбасы дәрігерлердің жазалануын талап етті

Марқұмның әжесі: Өз аяғымен барған қызды мәйітханадан алып кеттік

Өзге қызбен ұстап алды: Әйел көзіне шөп салған жігітінің үйін өртеп жіберді

Ол үйді өртеу үшін төрт көршісінен бензин сұрап алған

Мамандар құрманың зиянын атады

Артында үш баласы қалды: Елордада ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Çàãðóçêà...