Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қордайдағы төбелес: Ақсақал мен полиция қызметкерін ұрғандар ұсталды

Жамбыл облысы Қордай ауданында 80 жастағы ақсақал мен оның екі баласын ұрып-соққандар ұсталды. Бұл туралы вице-премьер Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

төбелес

«Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, тергеу аяқталғаннан кейін оларға қандай жаза берілетіні белгілі болады. Полицияны ұрған адамдар да ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр», – дейді премьер-министр.

Оның айтуынша, тәртіпсіздік тудыру, кісі өлтіру, бұзақылық, мемлекеттік қызметкерлерге қарсы күш қолдану, мүліктерді жою, сондай-ақ қаруды заңсыз өндіру фактілері бойынша барлығы 25 қылмыстық іс тіркелген.
Құдашпаевтар отбасының үш мүшесі - Төлеген және оның екі ұлы Қордай ауданында болған төбелес кезінде жарақат алды. Айтуларынша, отбасыны 5 ақпанда таңертең ұрған. Сол күні үлкен кісі балаларымен бірге офтальмолог дәрігеріне бара жатқан.

Зардап шеккен үшеуі Қордай ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Төлеген Құдашпаевты Алматыға жамбас буынына ота жасау үшін санавиациямен әкеткен. Басынан жарақат алған кенже ұлы Марлен ауруханада жатыр. Нұрлан амбулаториялық ем алып, тергеушілерге жауап беруде.

5 ақпан сәрсенбі күні Сортөбе ауылының тұрғындары арасында жанжал шыққан. Жүк көлігі жеңіл көліктің жолын бөгеген. Жүргізушілердің арасында келіспеушілік туындап, арты төбелеске жалғасады.  Салдарынан 80 жастағы ақсақал зардап шеккен. 

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 70 ауыл тұрғындары жиналған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де дереу жетеді. Төбелесті видеоға түсіріп алғандар дереу әлеуметтік желіде таратып, шет ауылдардан 300-дей қазақ жиналған. 
Масанчи ауылына қосымша полиция жасағы жіберілді. Жекпе-жектің қатысушылары металл заттарды, тастар мен атыс қаруларын қолдана отырып қарсылық көрсеткен.

30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны, 40-қа жуық автокөлік бүлінген және өртенген. 10 адам қаза тауып, жүзден астамы жарақат алды. Жарақат алған 40 адам ауруханаға жатқызылды.
 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Ақпан, 2020 21:16
Талқылау