Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көпшілігі ұната бермейді": Рэпер Jah Khalib шымкенттіктер туралы

Рэпер Бахтияр Мамедов (Jah Khalib) шымкенттіктер туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы видеосын ол YouTube хостингіндегі парақшасына жүктеген. 

жак халиб

"Бізде Шымкент деген қала бар. Ол жақта өзбек пен қазақ бірге қосылып кеткен. Жалпы қазақ – ол жауынгер халық. Өткен заманда көшіп жүріп, соғысқа да шыққан. Көшпенді халық. Барлық жағдайға бейімделгіш. Ал өзбектер кәсіпкерлік туралы ой қалыптастырады. Осы себептен де елде көпшілігі шымкенттіктерді ұната бермейді. Себебі бұл жігіттер өзгеге қарағанда олар пысық, кәсіпкерлікке де жақын, әркезде белсенді. Сондықтан да шымкенттіктер бүкіл Қазақстанда", - дейді ол.

Рэпер осы кезде өзінің марқұм досын есіне алды. Айтуынша, сол жігіт Шымкент халқының қонақжайлығын көрсеткен адамның бірі екен.

"Біз студияда таныстық. Ол бәріміз үшін ақсақал секілді еді. Маған талай жөн сілтеді. Бірінші рет Шымкентке концерт қоюға келгенімізде мені күтіп алды. Сол үшін де Шымкентті осы Хазармен байланыстырамын. Себебі ол осы қаланың қонақжайлығын көрсетті. Мен үшін шымкенттіктер бөлек бір халық. Соншалықты дана, күшті халық", - деп Шымкент қаласының жақсылығын асырды.

Айта кетсек, Бахтияр Мамедов Алматыда 1993 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. Рэп орындаушы "Лейла" әні арқылы көпшілікке танылды. 

 

Талқылау