Көпірге шығып түнгі Астананы тамашалағысы келген бұзақылар айыппұл төледі
Астана қаласының Самал ықшамауданындағы “Қараөткел” көпіріне шығып алған екі жігітті полицейлер камерадан байқап қалды.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Оқиға 3 қазан күні болды. Камерада екі жігіттің көпір үстіне шыққаны жазылған. Оқиға орнына жеткен полицейлреге олар түнгі қаланы тамашалағысы келгендерін айтқан.
Сот екі жігіттің әрекетін бұзақылыққа жатқызып, оның әрқайсысына 10 АЕК (21 мың 210 теңге) есебінде айыппұл салды. Екі жігіт сау күйінде осындай әрекетке барған.
Бұл қаладағы өмірін тәуекел ете отырып, қоғамдық тәртіпті бұзған алғашқы оқиға емес. Осы жылдың 18 шілдесінде ер адам көпір үстіне шығыпалып, секірем деп қорқытқан еді. Оны полицейлер аман-сау түсіріп алды.
Жіберіп алмаңыз:
Аршавин бәсте жеңілген журналистің шашын тақырлап алып тастады
Жетім балаларды асырап алған әжей о дүниеге барып қайтқанын айтып берді
Ғұсыл дәретін қай кезде алу парыз етіледі
Сары әулие өзін жас қыздардың қалай жақсы көретінін айтып мақтанды (фото)
5-6 жасар балаларын қан жоса қылып төбелестірген ер адамдар елдің ашуын тудырды (видео)