Жетім балаларды асырап алған әжей о дүниеге барып қайтқанын айтып берді (фото)

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 16:32

Бірнеше жетім баланы асырап алған Әмина апа көлік апатынан ессіз күйге түскен. Ессіз күйде жатып, түсінде аян бергенін, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Безымянный

Осыдан 5 жыл бұрын Әмина апаның ауыр жол апатынан дін аман қалғанына қарап, осынша жетім балаларды жылатпай қайырымды Аналарын аман қалдырған Алланың мейіріміне тәнті боласыз. Себебі, Астанадан Алматыға бет алған көліктің бір жаны опырылып жоқ болған суретті көргенде, ондай апаттан адамның аман қалуы мүмкін емес дерсі, деп жазады muslim.kz.

Сонда көлікте отырып таң намазын оқып, сәждеге иілген санаулы минуттарда Әмина ананы жолдың қарсы беттіндегі ауыр жүк көлігіне тиелген темірлердің опырып кеткен көлік төбесінің арасын санаулы сантиметрлер ғана бөліп тұрған. Тіпті Әмина апа: «Көзімді ашқанда жан-жағым жапырылып жатыр, не болғанын білмеймін, жанымдағылардың миына дейін шашылып кеткенін көргенде сандырақтап кете жаздадым»,-дегені бар. Сол апатта көлік жүргізуші мен тағы бір жолаушы бала жан тапсырған еді. Ия Әмина апа жетімдердің қамымен не көрмеді…

Әмина апаның көргені Алла Елшісі (с.а.у) ме?

Өзім ешнәрсе білмеймін, бір бөлек әлемде жүргендеймін. Бір атаны көріппін. Бет-әлпетін көрмедім, тек кеудесіне түскен қап-қара сақалының ұшын ғана байқадым. Сол атаның қолынан ұстап алыппын, жүзігі бар екен қара тасы бар, қандай тас екенін аңғармадым. Бірақ қолына жармасқан күйі «Аға мен қалайыншы, осы жер жақсы екен. Мен қалайыншы осы жерде»,-деп еңіреп жатырмын. Сонда бір үлккен қақпаны көрсетіп жатыр, ол жерден жеткен иісті мен Қасиетті Меккеге 4 рет барғанда да иіскемегенмін. Керемет жұпар иіс, оны тілмен жеткізе алмаймын. Өзім болсам, ебіл-дебіл жылап жатырмын, жылап жатырмын: Мен бұл өмірде жақсылық көрмедім, жетімдіктің ащы дәмін таттым, жылдар бойы жетім балалармен жүрсем де жақсылық таппадым, осы жерде қалайыншы мен, мына жер тамаша екен, қалайыншы ,-деп жылап жатырмын. Әңгімесін ары қарай жалғастырып: «Мен қалайыншы, шаршадым, балаларым өсті, 20 жылдан бері шаршадым. Өмірден шаршадым дегенім сол: – “Жоқ, сенің қайтуың керек. Сенің мешітің салынған жоқ. Мешітіңді 4 күмбезді ет, астын жауып таста” деді. Мен сонда да жылап жүрмін.

– Көзімді ашқаным сол қыздарым «Бұл жерде дұрыс қарамайды» деп дереу жедел жәрдемге салып СовМин ауруханасына (ҚР Президенті іс Басқармасының Медициналық орталығы) алып кетті. Емделіп жатқан бір күні аурухана терезесінің сыртынан балаларым «Мама, мама» деп айқайлағанда жан-жағымдағы аспалы уколдарды алып тастап сыртқа шығып кетіппін. Дәрігерлер «Мына кісі жынды болып қалды ма?»-деп шошыпты. Өйткені миымның 2 жерінен жарылған екен. Ауруханада 13 күн жатып шыққан соң, сәл әл жинап Алматыдағы Орталық мешітке, мүфтиятқа бардым. Ауырмай тұрған кезімде Бас мүфти Ержан қажымен жолығудың сәті түсіп, мүфти жақсы лебізін білдірген еді. Енді мешіт салу үшін Бас мүфтимен сөйлсейін деп барсам, ол кісі жоқ екен. Сол жердегі балалар «Апа, жағдайыңыз қалай? Арықтап кетіпсіз, өзгеріп кетіпсіз?,-дегені, мен де «Осылай осылай, ауруханаға түсіп қалдым» деп ес-түссіз жатқанда көргенімді айтқаным сол, олар бас салып мені құшақтап «Қажы апа, қажы апа! Пайғамбарымызды (с.а.у) мың-миллиондаған адамнан біреу көрсе көрді, көрмесе ол да жоқ, сіз көріпсіз. Сіз көрген Кісіңізге не дедіңіз?» – дейді жабылып бәрі.

– Ой қолынан ұстап алып өлем, өлем деп айта беріппін. Ол болса: «Өлмейсің, мешітіңді сал, балаларыңа үй сал», – деді. Содан Орталық мешіттегі қызметкерлердің барлығы жылап: «Сіз Пайғамбарымызды (с.а.у) көріпсіз, енді мешітті салмасаңыз болмайды»,- дейді. Бірақ, Айшажан, Алла куә, ол Атаның жүзін көрмедім. Тек қолын ұстап жылай беріппін. Сонымен, сол мешітті бастап салайық деп мүфтиятқа көктемде құжаттарды өткіздік. Қазір құжаттарды қайта жасап, мешітті салуды бастамақшымыз. Бүгін ғана темірлерді кесіп аулаға әкеліп тастадым,-деген Әмина апаға комада жатып көргені жайлы айта түссін деп:

– Сонда ондай иісті бұрын-соңды иіскемедім дедіңіз бе?

– Мен ондай жұпар иісті ешуақытта сезбегенмін. Орталық мешіттегі балалар да: «Апа, бір қапқа салып әкелсеңіз болмайды ма екен?» – дейді ғой бәрі әзілдеп. Содан, сол иіс келетін үлкееен қақпа, жан-жағына нұр шашылып тұр. Сап-сары алтынмен қапталғандай ма? Атаның қолына жармасып: «Мен қалайыншы, ана есікке кіргім келеді» деппін. Ол кісі: «Кіресің, сенің әлі көп жұмысың бар» – деді, әлгі есікке кіргім келіп барады. Тағы бір күйген секілді есік те көрінді… Енді сол мешіттің жұмысымен жүрмін. «Мың адамдық етіп жаса, мұнаралары биік, жертөлесіз болсын» деген. Көп жобалар қарадым, дәретханасын сыртқа, оған кең дәлізбен баратындай етіп саламын. Енді дүйсенбіден бастап үлкен тастар тасып, сол қазіргі бар жертөлесін толтырып жауып тастамақшымын. Мәйіт жуатын жерін де салу керекпін. Асханасы да кең болу керек.

Ия, қарап тұрсаңыз өмірде байқамайтын кереметтер өте көп. Ал Әмина апаның әр күні хикметке толы. Мен осы зияратымда «Перзент» үйіне кірген кезде кешкі дастарханда отырған балалардың жәудіреген жанарлары әлі көз алдымнан кетер емес. Әмина апаның өзі қазаннан әрқайсысына жекелеп тамақты үлестіріп жатыр. Алтын қолымен маған да құйып берді. Қолдан түйілген түшпара, мен мұндай тіл үйірген түшпараны Алматының бірде бір дәмхана, мейрамхана, асханасынан ішпеппін. Осы жетімдердің несібесіне Әмина апаға Алланың береке беріп қойған таңдаулы құлы екендігіне күмән де келтірмессің. Тамақтан соң балалар Аллаға шүкіршіліктерін айтып, дұға жасады. Күнделікті қалыптасқан жағдай. Осы кезде барлығы бола тұра шүкірі жоқ қанша пенделер жүр деген ой да көкейде қылаң береді екен. Бір кезде осы кешкі ас алдында ғана «Барахолкадан» алып келген аяқ киімдерді реттеп, балаларға шұлықпен бірге таратып берді.

Хикмет пен имандылыққа, бір-біріне жат болса да бір үйдің баласындай болып кеткен балалардың бір шаңырақ астында Әминадай ананың қамқорлығымен тәрбиеленуіне қарап , мен де жер бетіндегі жұмақта отырғандай әсерде болдым.

Жауапсыз қалған сұрақтар

Ал осы сан түрлі әсерге толы санаулы сағаттардан кейін көкейіме мына ойлар құйылды: Әмина апамыздың ес-түссіз ауыр халде жатқанда көргені кім болды екен? Алматы Орталық мешітіндегілер Оның Пайғамбарымыз (с.а.у) екендігіне шүбә келтірмеген. Менің де еш күмәнім жоқ. Себебі, арамызда осындай Алланың таңдаулы құлдары болмаса, бұл өмір не болып кететінін елестетудің өзі қиын. Бір ғана мысал, Алматыда таудан сел құйылған сәтте Әмина апаға телефон шалып, алдаған кім? Есігі құлыпталған «Перзент» балалар үйін ақтарып кеткен кімдер? Бұл сұрақтар жауабы жұмбақ күйінде қалды. Мұсылман үшін барлық нәрсе хайырлы демекші, оның нәтижесі Әмина апаның қатты күйзелістен ес-түссіз халде Пайғамбарымызды (с.а.у) көруіне себеп болды ма екен?

849814_1475575240_890_530_0

Әмина апа балаларына тағамды өзі құйып, үлестіріп беруде!

Осы көлік апатынан Әмина апа аман қалды. Көлік жүргізушісі жанында отырып, таң намазының сәждесіне иілген санаулы минуттар, санаулы сантиметрлер…

Жіберіп алмаңыз:

Ғұсыл дәретін қай кезде алу парыз етіледі

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Марат қажы (Сары әулие) өзін жас қыздардың қалай жақсы көретінін айтып мақтанды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар