Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көп шектеу қойылмайды: Қазақстандықтар тұрғын үй алу үшін зейнетақы қорын пайдалана алады

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан тұрғын үй алу немесе жөндеу мүмкіндігін қалай пайдалана алатыны белгілі болды. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

30 жылдық келісімшарт: Жылына 0-0,5 пайыздық көрсеткішпен ипотека берілетін болды

Министр тұрғын үйге зейнетақы қорынан берілетін қаражатты алу шарттарымен бөлісті. Қазіргі таңда халыққа барынша ыңғайлы болу үшін отбасының қаражатын біріктіру мәселесі де қарастырылып жатқан көрінеді.

"Бұл мүмкіндікті азамат өзі үшін, жұбайы үшін жақын туыстары үшін пайдалана алады. Жақын туыстарына атасы, әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, бауырлары, әпкелері, сіңілісі, ағасы және інісі жатады. Бір отбасының мүшелерінің қаражаттарын біріктіру мәселесін қарастырмақпыз. Бұл мәселені шешу үшін уәкілетті оператор белгілейтін болады. Ал көмекті алу тәртібін индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі айқындайтын болады", - дейді Нұрымбетов. 


2020 жылы зейнетақы қорындағы жинақтаманы қалай тексеруге болады


Сонымен қатар, тұрғын үйге зейнетақы қорынан берілетін қаражатты алу айтарлықтай қиын болмайтынын түсіндірді министр. Тұрғын үйге берілетін қаражатқа кез келген тұрғын үйді сатып алып, тіпті жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады. 

"Көп шектеу болмайды. Қаражатқа тұрғын үй немесе жер учаскесін сатып алуға болады. Ол жаңа үй болуы міндетті емес. Қайталама нарықтағы бірнеше иесі болған үйлерді де сатып алуға болады. Бұл арқылы ипотекалық қарыздарды өтеуге де рұқсат беріледі. Тіпті үйді қайта жөндеуге немесе кеңітуге де қаражат алу мүмкіндігі бар. Бір ғана шектеу қарастырылуы мүмкін. Бұл бағдарлама арқылы сатып алынған үйді бес жылдың ішінде сатуға болмайды", - деп түсіндірді Нұрымбетов. 


STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2020 11:08
Талқылау