Конституцияның 40-қа жуық бабы өзгереді – Тоқаев
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгеретінін мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы ретінде мен үшін парламент – еліміздегі саяси жүйенің негізгі тірегі. Сондықтан алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады”, – деді Тоқаев.
Сөзінше, бұл – жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс.
“Бұл жұмыстың бәрін табан астында, бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес. Тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан алдағы реформаның кейбір концептуалды тұстарына қатысты ой-пікірімді білдіргім келеді", – деді президент.
Еске салсақ, Тоқаев Қазақстанға бір палаталы парламент құру қандай мүмкіндік беретінін айтқан еді.

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
