Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Конор МакГрегор сексуалды зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды

UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Корсикада жыныстық шабуыл жасауға тырысқаны және  бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Спортшының оқиғадан кейін ұсталғаны атап өтілген. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары МакГрегордың өзі оған тағылған барлық айыптарды «үзілді-кесілді» жоққа шығаратынын анықтады.

Оның өкілі түсіндіргендей, спортшы жандармерияда сұрақтарға жауап бергеннен кейін босатылды.

Тамыздың басында МакГрегор желідегі жазылушыларға балаларының анасы Ди Девлинге үйленуге ұсыныс жасағанын айтты. Ол Instagram-да өзінің сүйіктісімен түскен суретті жариялады.

Ирландиялық спортшы UFC-дің жеңіл және жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы.

2020 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша МакГрегор UFC-дің ресми рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамай ең жақсы жекпе-жекшілер арасында тоғызыншы орын алады.

2020 жылдың маусымында МакГрегор үшінші рет спорттық мансабын тоқтататынын жариялады.

Талқылау