Конор МакГрегор 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: Global Look Press
UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор жалған куәлік берді деген айыппен 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MSN-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ирландия соты 2023 жылы МакГрегорды 2018 жылдың желтоқсанында орын алған зорлау ісі бойынша кінәлі деп тауып, жәбірленушіге 250 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттеген болатын. Алайда кейінірек Никита Хэнд есімді әйел сотта шындықты толық айтпағанын мойындады. Оның айтуынша, ол балаларынан айырылып қаламын деп қорыққан.
Енді МакГрегордың сол істегі мәлімдемелері жалған деп танылуы мүмкін. Егер ол кінәлі деп танылса, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Бұл жағдайға байланысты Конор МакГрегор X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) мәлімдеме жасап, өз кінәсіздігін айтып, бұл айыптаулармен соңына дейін күресетінін жеткізді. Ол қарсы тараптың адвокаттарын жалған сөйледі деп айыптап, олардың сөзі бірінші күні-ақ сотта әшкереленгенін атап өтті.
МакГрегордың айтуынша, ол жәбірленушімен келісім бойынша қарым-қатынаста болған және бұл жағдайды растайтын жаңа куәгерлерді — Саманта О'Рейли мен Стивен Камминсті тартпақ.
Айта кетейік, МакГрегор 2025 жылдың көктемінде Ирландия президенті болуға ниетті екенін бұған дейін мәлімдеген болатын.

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
