Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Көңілі толмайды": Нұрлан Еспанов ұлына әскерге баруға рұқсат бермеген

Нұрлан Еспанов ұлына әскерге баруға рұқсат бермеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Juldyzdan Jaryq бағдарламасына сілтеме жасап. 

Белгілі Өнер иесінің ұлы бүгінде журналистика мамандығының магистранты. Олжас Еспанов әкесі әскерге жібермей қойғандығы туралы айтып берді. Осылайша өнер иесі жалғыз ұлын жанынан алыстатқысы келмеген. Оның үстіне, Олжас Еспановтың өзі де әскерге қызығушылық танытпаған сияқты.

"Мен отбасымда жалғыз ұлмын. Ата-анам о бастан әскерге жіберуге қарсы болды. Сондықтан әскери кафедрада оқуға тура келді. Мен бірден құжаттарымды жинап, әскери кафедраға тапсырдым. Өзім әскерге барғым келген жоқ. Артымда екі қарындасым бар. Оларға да қарасып, көмектескім келеді. Әскерге кетсем не болады деп ойладым. Қазіргі әскерге әкемнің көңілі толмайды. Сондықтан жібермеген шығар", - дейді Олжас Еспанов.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр