Қазақ қызы отбасылы сүйіктісінен еш айырылғысы келмейтінін айтты
Қазақстандық бойжеткен 19 жасында отбасылы еркекке алданып қалған. Ол бір жыл бойы өзінің сүйіктісінің отбасы мен үш баласының бар екенін білмей келген. Артынша бар шындықты оған жігіттің өзі айтып берген екен. Енді Сәбира ханым осы шындықты білгеніне қарамастан, онымен кездесуді ары қарай да жалғастыра беретінін жеткізді.
Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.
22 жастағы Сәбира ханым түнгі клубқа барып, бір жігітпен танысады. Оны құлай сүйіп, қыз-жігіт болып жүреді. Алайда араға бір жыл салып бойжеткен өзінің сүйіктісінің отбасы бар екенін біледі. Содан бері үш жыл өтіпті. Әлгі азамат өзінің заңды әйелімен ажыраспаған. Тіпті, Сәбира ханымға “Әйеліммен ажырасып, саған үйленемін” деп уәде де бермеген. Бойжеткен осыған қарамастан, оны күте беретіндігін жеткізді.
“Үш жылдан бері отбасылы ер азаматпен кездесіп келе жатырмын. “Мұндай қарым-қатынастың болашағы жоқ” дейтіндермен келіспеймін. Сол адамды сүйемін, болашағымыз бар деп сенемін. Нақты білмеймін. Болашақта ол әйелімен ажырасуы мүмкін. Яғни оның маған үйленетініне сеніп, үміттеніп жүрмін. Өзі “Барлығы өз уақытымен болады” деп отырады. Мен бір отбасын бұзуға дайынмын. Осыдан үш жыл бұрын біз түнгі клубта кездесіп қалдық. Бір-бірімізді бірден ұнаттық десем де болады. Бірақ оның отбасы бар екенін тек бір жылдан кейін ғана білдім. Кейін бұл туралы өзі айтып берді. Оның әйелі мен балаларының бар екеніне көзімді жұмдым. Себебі, ол адамды шын жүрегіммен сүйемін. Қандай жағдай болса да, сол адаммен бірге болғым келеді”, – дейді ол.
Студия қонақтары бойжеткеннің бұл сөздерін құптамады. Керісінше оны табалап, бақытты ғұмыр кеше алмайтынын тілге тиек етті.
“Әрине, одан мұндай сөздер естимін деп күткен жоқпын. Біраз уақыт өз-өзіме келе алмай жүрдім. Біз бір айдай араласпадық. Бұл ситуацияны толықтай қабылдап, дұрыс шешім іздеуге кірістім. Осы бір айдың ішінде ол адамға бауыр басып қалғанымды түсіндім. Сол себепті қабылдадым. Бір ай бұл азаматсыз өмір сүре алмайтыныма көзім жетті. Жаңағы бір айдан кейін ол өзі келді. Бұған дейін “Біз бір ай бойы сөйлеспейік, мен ойланайын” деп келіскенбіз. Осыдан кейін кездесіп, сөйлестік. Оған дайын екенімді айттым. Ол өз кезегінде маған ажырасамын деп уәде бере алмайтынын жеткізді. Мен тек махаббатқа сеніп жүрмін. Мен ол маған қайтып келіп, бақытты ғұмыр кешемін деп ойлап отырмын. Әрине, өзімді кінәлі сезінемін. Себебі, оның үш баласы бар. Өзім де әйел болғандықтан, сүйіктімнің бәйбішесінің жағдайын түсінемін. Бірақ мен сезімге берік жанмын. Сезіме сай әрекет етіп отырамын. Қазір ол адамды жақсы көремін. Сол кісімен бірге болғым келеді”, – дейді ол.
Мұнымен қатар, бойжеткен журналистердің “Ертең сіз де ана боласыз. Өзіңіздің туған қыздарыңыздың басына осы жағдай келеді деп ойламайсыз ба? Кесірі туған балаларыңызға тиіп кетпей ме? Оның үстіне бір отбасынан кеткен ер азаматтың екінші отбасынан да кетпейтініне кім кепіл?” деген сауалына “Жоқ, қорықпаймын! Ол кетпейді деген үміттемін”, – деп қана тіл қатты.
Аталған оқиғаға қатысты студия қонақтары өз пікірлерін бөлісті. “Ер азамат бұл қызды шын сүйсе, өз әйеліне “Менің махаббатым бар. Мен соған үйленгім келеді. Сенімен ажырасамын, бірақ материалдық жағдайыңды жасап отырамын” деп айтып, сөзінде тұрып, бұл қызбен тағы бір отбасын құрғанда тұрған ешнәрсе жоқ”, – дейді Сәния Таласпаева.
Ал Гаухар Ержанова керісінше Сәбира ханымды мұндай өмірден сақтандырмақ болды. “Сәбира, сіз осылай жүрген кезде, өміріңіз бен уақытыңыз өтіп бара жатыр. Бір танысымның жасы 45-те. Сүйген адамының отбасымен ажырасуын 7 жыл күткен. Ол адаммен ажырасқан уақытта жасы 40-қа келіп қалыпты. “Ешқандай отбасын құрмадым, бала да туа алмадым. Сол кезде құлай сүйгеніме қарамастан, сол сезімді ұмытуға тырыссам, тіл үйреніп жер мен ел көрсем, ұмытар ма едім” деп қазір өз қолын өзі тістеп отыр”, – дейді Гаухар ханым.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді
Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған
Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған
Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр