Төреғали “миллионер” атанғанын жұртқа өлеңмен жеткізді
Елді аралап концерт беріп жүрген Төреғали Төреәлі миллионер атанды. Бұл хабарды әншінің өзі жеткізіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. Әңгіме әншінің қалтасы жайында емес, Инстаграм желісіндегі достары туралы болып жатыр.
Фото: instagram.com/toregal=ruitoreali/?hl
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Осы уақытқа дейін Баян Есентаева, Аша Матай, Айқын Төлепберген, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова сынды қазақстандық жұлдыздар “миллионер” атанған болатын. Енді міне олардың қатарын әріптестері Төреғали Төреәлі толықтырды.
“Ұлыңның басып жатса ісі ілгері,
Асқақтап кетті демей түсін мені.
Қазақтың ең бақытты əншісімін,
Тəңірім нұрын міне түсіргелі.
Сыйып тұр инстама бір Астана,
Іздейтін əрбір əнім үшін мені.
Ассалаумағалейкүм миллион досым,
Он жеті миллионның ішіндегі!” – дейді ол.
Бұл хабарды естіген тыңдармандары әншінің қуанышын бөлісіп, оған өнер жолында сәттілік тіледі. Арасында сүйікті әншілеріне көз тиеді деп қорыққандар да табылды.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғалиді айыптаған Бүркіттің өз әні плагиат болып шықты
Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды
Төреғали Төреәлі: Бүгін менің арманым орындалды
Автобуста кондуктор болған Төреғалиді жұрт танымай қалды (видео)