Төреғали Төреәлі: Бүгін менің арманым орындалды

Бейсенбі, 7 Шілде , 2016 10:51

Төреғали Төреәлі сахнаға ең алғаш үш жасында әкесімен бірге шыққан. Екеуі дуэт орындаған екен. Әнші халыққа танылмас бұрын көптеген қиындықпен бетпе-бет кездескенін айтады. Тіпті бір кездері сахна киімін көршілерінен сұрап киюге мәжбүр болған екен. Десе де, ол мұның барлығының артта қалғанын қуанышпен еске алады.

13628075_1049194271831295_142147150_n

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“2001 жыл еді. Кішігірім саxналарға шығып жүрген кішкентай Төреш. Бірақ, кішігірім саxна деп емес, өзін бүкіл қазақтың алдында ән салып тұрғандай сезінетін Төреш. Байқоңыр қаласында “Төре – ән” тобы “Ғасырға шашу” атты концерт берген кез.

Әкем әркез саxнаға шығар алдында “Сен бүкіл ел алдында өнер көрсетіп тұрсың” деп жігерлендіретін. Әкемнің бұл сөзінің астарында арман жатқан болуы керек. Арман орындалған сияқты. Бүгін қалың қазақ алдында ән салып жүрмін.

Аллаға шексіз шүкір! Сол жылдары АБК тобының дәурені жүріп тұрған еді ғой. Жас әнші жігіттер оларға еліктейтін. Солардың бірі мен едім. Енді мына қызыққа қараңыздаршы , атақты Қыдырәлі Болмановпен бүгін Астана төрінде осы “Бір тамшы жас” әнін орындайын деп тұрмын бұйыртса. Армандай біліңіздер, ардақты ағайын!” – деп Төреғали Төреәлі өзінің кімдерге еліктеп өскенін айтты. Мұнымен қатар, бала күнгі видеосын бөлісіп, жұртты бір сүйсіндіріп алды.

2001 жыл еді. Кішігірім саxналарға шығып жүрген кішкентай Төреш… Бірақ, кішігірім саxна деп емес, өзін бүкіл қазақтың алдында ән салып тұрғандай сезінетін Төреш… Байқоңыр қаласында “Төре – ән” тобы “Ғасырға шашу” атты концерт берген кез.. Әкем әркез саxнаға шығар алдында “сен бүкіл ел алдында өнер көрсетіп тұрсың” – деп жігерлендіретін. Әкемнің бұл сөзінің астарында арман жатқан болу керек, арман орындалған сияқты. Бүгін қалың қазақ алдында ән салып жүрмін… АЛЛАҒА ШЕКСІЗ ШҮКІР!!! 🙏🏻 Сол жылдары АБК тобының дәурені жүріп тұрған еді ғой. Жас әнші жігіттер оларға еліктейтін. Солардың бірі мен едім. Енді мына қызыққа қараңыздаршы , атақты Қыдырәлі Болмановпен бүгін Астана төрінде осы “Бір тамшы жас” әнін орындайын деп тұрмын бұйыртса. ☺️ Армандай біліңіздер, ардақты достар! ✋🏻 @kydyrali_bolman @karakat_a #ҰлытауҰлы #Төреғали_Төреәлі #ҚыдырәліБолманов #Астана #6шілде #ТуғанКүн #Ұлытау #ҚарақатӘбілдина #АБК #Концерт #Дуэт #БірТамшыЖас

Видео опубликовано Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Бүгінде жұрт әншінің Қайрат Нұртасқа еліктейтінін жиі айтады. Мұны орынды деуге де негіз бар сыңайлы – киіну мәнері, көзілдірігі, сахнада өзін-өзі ұстауы, шаш үлгісі. Тіпті қолға алған кәсіптері де бірдей. Десе де, әншілердің өзі мұндай ұқсастықтардың бар болғаны кездейсоқтық екендігін, әрқайсысының өз жолы бар екенін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Автобуста кондуктор болған Төреғалиді жұрт танымай қалды (видео)

Бірнеше мәрте БАҚ-та жаман әдетімен көзге түскен Бейбіт әріптесі Төреғали Төреәліні қорғап сөйледі

Төреғали Төреәлі реалити-шоудың басты кейіпкері болмақ

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар