Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі реалити-шоудың басты кейіпкері болмақ

Жаз маусымында “Қазақстан” телеарнасында басты рөл Төреғали Төреәліге бұйырған “Ұлы дала баласы” атты реалити-шоу басталмақ.

image

Бұл туралы “Қазақстан” телеарнасы хабарлайды.

Аталған тележобаның түсірілімі Қазақстанның Тараз, Астана, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда және Шымкент қалаларында өтеді.

Әр қаладағы бағдарламаны Дана Нұржігіт, Гүлмира Дайрабаева, Ләйлә Сұлтанқызы, Бейсен Құранбек, Нұрлан Қоянбаев, Жансерік Бейсеев, Нұрбигүл Сағындыққызы, Ерке Есмахан және Тәуекел Мүслім сынды танымал жұлдыздар жүргізбек.

#Ұлы_Дала_Баласы #Төреғали_Төреәлі #ТТТ🇰🇿

Видео опубликовано Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Жобада ҚР халық артисі Мақпал Жүнісова, “Жігіттер” квартеті, Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова, Мәдина Сәдуақасова, Ақылбек Жеменей, Ринат Малсақов, Қайрат Түнтеков, Қайрат Нұртас, Серік Ибрагимов, Ернар Айдар, Тамара Асар сынды әншілер мен “Алашұлы”, “Ханзада”, “Алау”, “Лашын” сынды топтар өнер көрсетпек.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Төреғали “Алло” әнін қырғыз әншісімен орындап жұртты таң қалдырды

Сіз расымен де Төреғали Төреәлінің тыңдарманысыз ба?

Төреғали Төреәлі денсаулығының сыр беріп жүргенін айтты

Талқылау