Төреғали “Алло” әнін қырғыз әншісімен орындап жұртты таң қалдырды

Сенбі, 28 Мамыр , 2016 8:17

Бүгінде, Төреғалидің әрбір әні хит. Концерт, той оның әнінсіз өтпейді. Сондықтан болар, жұмыс кестесі де тығыз. Әрбір тойынан 5 мың доллар табыс табатын әншінің ел-елді аралап концерттен қолы тимейді екен. Бұл жайында әншінің өзі емес, өзін арт-директорымен деп таныстырған  көмекшісі айтты.

image

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы “31 арна”  хабарлайды.

“Барған жеріміз қайтадан шақырып жатыр. Ақтау қаласында 5 концерттен, Атырау қаласында екі күн қатарынан 5 концерт болды, Ақтөбеге бір бардық ақпан айында, наурыз айында қайтадан бардық”, – дейді арт-директор Фариза Оспандиярова.

Осы аптада әнші Төреғали Төреәлі “Қазақ қызына үйленемін” атты шығармашылық кешін Алматыда, Республика Сарайында атап өтті. Сахна шымылдығын “Ассалаумағалейкум” атты жаңа әнмен ашты.

Республика сарайында осымен екінші рет концерт берген әншінің әрбір қимылын, әрбір айтқан сөзін көрермен жоғары бағалап, тіпті әншімен бірге ән де салып отырды.

Жеке кешіне әнші екі апта дайындалған, Төреғали он бес шақты жаңа  ән жазып үлгерген.

“Айтылатын әндері қазақтың рухын көтеретін, негізі Төреғалидің өзі де рухты әнші  ғой”, – дейді Фариза ханым.

Арт-директордың айтуынша, концерт бастан-аяқ фонограммасыз өтті. “Қызғанамын”, “Әнге арнадым әнімді”, “Арал”,”Төрешің” атты әндерін орындағанда Төреғали ерекше би билеп, сағынған халқын бір көңілдендірсе, “мен романтик емеспін” деген туындысында залда отырған әйел қауымына раушан гүлдер сыйлады.

Бастапқыда «Алло» әнін әнші Төреғали Ерке Есмаханмен бірге орындаған болатын. Осыдан жарты жыл бұрын шыққан туынды халыққа жылдам тарап, әп-сәтте хитқа айналып шыға келді. Алайда, қаржыға бола келіспеген екі продюсердің дауы ұлғайып, қос әнші екі жаққа кеткен еді.

Алайда, жақында екі әнші татуласты деп телеарналардың бірінде жарияланған болатын. Дегенмен, Төреғали өзінің концертіне Еркені емес, қырғыз әншісін арнайы Қырғызстаннан  шақыртыпты. Елдің көптен күткен “Алло” әнін Төреғали, Наргиза Әйтемірова есімді қырғыз әншісімен орындап, елді бір таң қалдырды.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі денсаулығының сыр беріп жүргенін айтты

Әріптесін сынаған Төреғали Төреәлі тағы кімді ренжітіп алды

Сіз расымен де Төреғали Төреәлінің тыңдарманысыз ба?

Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ерке Есмахан келмесе неси бопты аншилер копкой

  • Anonymous says:

    Мықты әнші Дінмұхаммед Құдайбергенов

  • Жұмбақ жан says:

    Неси дурыс. Торегали мыкты анши екенинде соз жок алайда. Еркедей кыздын еркелигин котеру керек еди бир кыргызды аспенситпей

  • Жұмбақ жан says:

    Дурыс жасаган екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар