Әріптесін сынаған Төреғали Төреәлі тағы кімді ренжітіп алды

Сәрсенбі, 25 Мамыр , 2016 9:50

Күні кеше әріптесі Ерке Есмаханмен татуласқан Төреғали Төреәлі отандық журналистердің бірін ренжітіп алған. Журналистің сөзіне сенсек, әншінің көмекшісі сөзін соңына дейін тыңдамастан, тұтқаны қоя салған. Тіпті осыған дейін газет тілшілеріне сұхбат бергісі келмейтінін айтқан көрінеді. Осылайша әншіге ренжіген журналист наразылығын мақаласы арқылы жеткізген.

image

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Алматыдағы Республика сарайында Төреғали Төреәлінің “Қазақ қызға үйленем” атты жеке шығармашылық кеші өтті. Аталған кеш басталмас бұрын отандық басылымдардың бірі әншіге хабарласып, сұхбат алмақ болған. Алайда көмекшісі журналистің сөзін соңына дейін тыңдамастан тұтқаны қойып жіберген. Осы уақытқа дейін журналиске әншінің қазақстандық газеттерге сұхбат бергісі келмейтіндігін айтқан екен.

“Хабарласқанымызды қайтейік, сөзіміздің соңына дейін тыңдамастан, тұтқаны қоя салды. Тілшілермен неге тілдескісі келмеді? Бұл әншінің көзқарасы ма, әлде менеджерінің қалауы ма? Ұққанымыз – әнші газетке сұхбат беруден қашатын секілді. Не себепті? Соңғы кездері мұндай үрдіс әншілердің арасында көбейіп кетті. Сонда олардың қазақ басылымдарын менсінбегені ме? Тіпті кейбірі газет оқымайтындықтарын, қазақ баспасөзінен мүлдем хабарсыз екендіктерін жасырмайды. Бұл не? “Жұлдыздық” па, әлде менмендік пе?”, – дейді Айқын басылымының журналисі Жадыра Пердебайқызы.

Журналист өз мақаласында жұлдыздардың дәл осылай “менменсінуіне” басылымдардың өздері кінәлі екенін жасырмайды. Десе де, Төреғали Төреәлі мырзаның дәл осылай жарқырап жүруіне қазақ басылымдарының да үлес қосып жатқанын ұмытпаса екен дейді.

“Төреғалидың жұлдыз “ауруына” шалдыққаны алғаш емес. “Алло” әніне байланысты да қоңырау шалып, хабарласа алмағанбыз. Онда да телефон тұтқасын көтерген “көмекшілері” газет тілшісімен тілдесе алмайтындығын жеткізген еді.

Халықтың көзі, құлағы, һәм тіліне айналған қазақ баспасөзі Төреғалиға керек болмаса, Төреғалидың да қазақ журналистеріне қажеті бар ма? Телеарналардан жиі “жылтыңдаса” өздерін жарық жұлдыз санайтындар көбейіп тұр. Кейде әншілердің осылай “ауруға” шалдығуына өзіміз кінәлі секілдіміз. Жарқыратамыз деп сары мысты алтынға айналдырып аламыз да, оның алтын емес, мыс екенін көпке дәлелдей алмай қалатынымыз тағы бар”, – деп журналист орыс тіліндегі ақпарат көздері де, орыстілді БАҚ-та қазақ әншісін насихаттауға мәжбүр еместігін айтып өтті.

Әзірге әншінің қазақ басылымдарына не себепті сұхбат бергісі келмейтіні белгісіз. Мұның жұлдыз ауруы немесе тығыз жұмыс кестесі екендігі де тек әншінің өзіне мәлім.


Оқи отырыңыз:

Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)

Сіз расымен де Төреғали Төреәлінің тыңдарманысыз ба?

Төреғали Төреәлі Еркені сынаймын деп Есентаевадан сөз естіді

Төреғали Төреәлі мен “Орда” солистерінің арасындағы дау өрши түсті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Торегалидин атын жамылып оларга не кажети бар. Торегали сол журналистер аркылы халыкка танылды. Жулдыз болдым деп жулдыз аурумен аурудын кажети жок. Сухбат берсе не болыпты? Онын уакытын алмайды гой. Бир сагаты кымбат па? Сосын Торегалидын осы жылгы шуы коп болып кетти. Алде сухбат беруден корка ма?

  • орда says:

    Сөйлескісі келмесе мазаламаңдар! Төреғали Төрәлінің атын жамылып атақты болғысы келетін тілшілер көбейіп кетті. Тілшісымақтар-ау бұндай өсек-аяңды емес, елде болып жатқан жағдайды жазбайсыңдар ма?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар