Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды

Жұма, 8 Шілде , 2016 15:46

Желі қолданушылары Төреғалидің әкесіне шай құйып отырған Жазира Байырбекованы “ашық” киімі үшін сынап тастады.

13551761_274611589569487_994598112_n

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жазира Байырбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Төреғалидің әкесіне шай құйып отырған суретін салады. Суретті көрген желі қолданушылары оны иығы ашық көйлек киіп қайнағасының қасында отырғаны үшін сынап тастайды.

“Төреғалидің әкесі Жанболаттан бір-ақ жас үлкен болса да, маған қайын аға болады. Келінінің қолынан шәй ішіп отырған қайнаға”, – дейді Жазира Байырбекова.

Бастапқыда желі қолданушылары Төреәлі Әлиханұлы мен Жанболатты салыстырады. Көбісі кейінгісінің әлдеқайда жас көрінетіндігін айтады.

Олар “Сахнаға әр шыққанда әкемнің алдына шыққандай боламын деп едіңіз. Мына иығы ашық көйлек қазақтың қызы, шай құятын келіні үшін ұят қой”, “Қайын ағаңыздың алдында екі иығыңызды жалтыратып отырғаныңыз ыңғайыссыздау емес пе, Жазира ханым?!”,

“Келінжан-ау, сүт қатқан шай қайда?! Қордалықтар қара шай ішпейтін еді ғой”, “Шайды оң қолмен құятын еді ғой”, “Адам қайын ағасына ыржиып отырып шай құя ма? Өзі тура қасына отырып алыпты” сынды пікірлер білдірген.

Мұнымен қатар, Төреәлі мырзаны өзімшілдігі үшін сынаған жандар да табылды.

“Төреәлі қайын ағаңыздың танауы төбеде, көкірегі аспанда екен. Өз көзіммен көріп, қатты таң қалдым. Байлық, ақша, танымалдылық қатты өзгертіпті. Соншалықты тәккаппар екен.

Халық қалай көтерсе, тура солай өшіреді! Бүл кісіге өзім жеке басым риза емеспін. Алладан қорықсын дегім келеді. Адамның күні адаммен, тәубесіне келуі керек деп ойлаймын!” – дейді желі қолданушыларының бірі.

Арасында әнші мен продюсерге тіл тигізбеуді сұраған жандар бар.


Жіберіп алмаңыз:

Жазира мүгедектерге көмектесуге барып, олардың қамқоршысынан күмәнданып қалды (видео)

Жазира: Халық атынан қарыз алып, жағдайын жасайтын басшыларға қызығамын

Жанболат: Жазира келінімізді құтыртып жіберетін шығар

Жазира: Жанболат әдемі қыздар көрсе кетіп қалады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жалпы “кайны ага” -созінің озі келін ушін улкен нарсе . багалап инернетте осылай айтуы дурыс емес сиякты баска улт буны корсе не ойлайды

  • Анонимно says:

    Не жумыстарын бар Ишин куйсе туз жала!

  • Ермахан says:

    Казак десе озымызге тиеды.Казактар гана осылай жасвйды.Он колмен куй дисын сонда солакай боса не стиды.Кара шай ышпиды дисындер озы былет кандай шай ышседе.Ол Жазиранынба Торалынынба уйы емес.Олар быр тойдама кездесип калды сосын шай куйып бере салды.Енды тойга халат па или игын орап бармайтын шыгар.

  • Анонимно says:

    осыларды да ангме кылып,катырасындар.Атырау футбол клубы чемпион

  • Жұмбақ жан says:

    Жазира уйнде шай берип отырганжок. Артын ашып отырган жок. Халык баска нарсени жондеп алсыншы

  • Әділет says:

    Қырта бермесін! Жазира шәйіңді құя бер!

  • Анонимно says:

    Өсер ел бірін-бірі батыр дейді, өшетін бірін-бірі қ… дейтіннің кері. Ау, қазақтар, не болды сонша? Содан басқа жұмыс қалған жоқ па?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар