Жазира: Жанболат әдемі қыздар көрсе кетіп қалады

Жұма, 22 Сәуір , 2016 12:05

Тойдан қалмайтын Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың өз тойлары болмаған. Әнші жарын оқу бітіре салысымен 18 жасында алып қашқан. Ал кішігірім беташарды небәрі бір күннің ішінде ұйымдастырған.

image

Фото: massaget.kz

Шақыру билет, көйлек таңдау, той орны сынды дүниелерге бас қатырмаған қос ғашықтың қосылуына ата-аналары түбегейлі қарсы болған. Бұған Жанболаттың жұмыссыздығы мен Жазираның жасы себеп болған екен. Күйеу жігіт Жазираның ағасынан алдын ала кешірім сұрап, хат жазып қалдырған.

Жанболат Байбатыров “Екінші курстың басында 1994 жылы Жазира оқуға келгенде бірден көзіме түсті. Екеуіміз студенттік шақта бір алманы бөлісіп жейтінбіз” десе, Жазира Байырбекова сүйіктісінің студенттік шақта әдемі қыздарға кетіп қалып көңіліне қаяу түсіргенін айтады.

“Жанболат әдемі қыздар көрсе кетіп қала беретін. Қыз-жігіт болып жүрген екі жылдың ішінде әдемі қыздар көрсе, соларға көңілі ауатын кездері болды. Бойдақ кезінде басқа жатақхананың қыздарына жиі баратын. Сыртынан естіп, жылап та алатынмын”, – деп Байырбекова Астана арнасының “Той жыры” бағдарламасына берген сұхбатында көптен бері ішінде сақтап жүрген ренішін жеткізді.

Мұнымен қатар, әншінің жолдасына қойған “Осыны мойындайсың ғой?” деген сұрағына Жанболат “Иә” деп жауап берді.

Nul7oOMytlY

Жазира келіндік міндетін атқарған алғашқы бір жылда 22 кг салмақ тастаған екен. Дәл қазір өмір мен өнерде бір-біріне айнымас серік болып жүрген әншілердің Қазбек есімді ұлдары бар.


Оқи отырыңыз:

Әнші Жазира Байырбекова азық-түлікті “Алтын Орда” базарынан алатынын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Батыс says:

    Жазиранын озиде адеми келиншек гой абден жас кезимизде кездессек гой

  • жұмбақ жан says:

    Ойпырмай қалай қалай жазасыздар.баяғыыыы жастық шағын айтып жатыр сіздер дəл қазір боп жатқандай əсерелеп жеткізесіздер

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар