"Концерттен бас тартамын деп ойладым": Жақында анасынан айырылған Толқын Забирова көпшілікті алаңдатып қойды
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Толқын Забирова оқырмандарына үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында анасынан айырылған еді.
“Сүйікті менің оқырмандарым! Жақында отбасымда болған қайғылы жағдайды естіген боларсыздар… Осыған байланысты жоспарланған концерттерімнен бас тартамын деп ойладым. Бірақ жақындарым мен ұстазым Бибігүл Ахметқызының әңгімесінен кейін қаншалықты қиын болса да, концертті жоспар бойынша жасауды шештік", – деп жазды эстрада жұлдызы.
-
"Бір күні мені тастап кетерсің": Толқын Забирова сәби күтіп жүрген қыз-келіншектерге үндеу жасады
-
"Жас айырмашылығымыз – 14 жас": Толқын Забирова күйеуін көпшілікке көрсетпеу себебін түсіндірді
Одан кейін әнші марқұм анасы туралы естелікті де бөлісті. Тіпті, анасының арманы қызының концертін көру болған екен.
"Анамның арманы осы концертті көру болды. Сондықтан анашымның арманын орындап, тағзым етіп, анама арнаймын. Баланың бағы жанса, ана бақытты. Өнер жолымдағы әр қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісті. Әр бағындырған шыңыма баладай қуанды. Менің ақ періштем, менің қанатым, досым, серігім, жанашырым, қолдаушым, қорғаушым! Сен мәңгі менің жүрегімдесің. Бұл концерт өзіңе арналады. Менің қасымда болатыныңа, қолдайтыныңа күмәнім жоқ", – деп толықтырды әнші.
Айта кетейік, әнші өмірінде әкесін көрмегенін айтқан еді.

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі-сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
