Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкемді өмірімде көрмегенмін": Толқын Забирова алғаш рет әкесі туралы айтты

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова алғаш рет ата-анасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Алғашқы” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Өнер иесінің айтуынша, әкесін ешқашан көрмеген.

“Мен әкемнің қолынан ешқашан кәмпит жеген емеспін. Әкемді көрген емеспін. Бала күнімде бір еркекті көремін, дастархан басында шай ішіп отырамыз. Бірақ ол еркекті танымаймын. Мүмкін сол менің әкем шығар. Бала күнімізде бәріміз бір бөлмеде жатамыз. “Маған әкем велосипед алып берді, тәтті алып келеді” деп айтқан балаларды естігенде мен көрпенің астында жылап жатамын. Менің әкем жоқ, ол маған ештеңе әкелмейді. Анам мен әжемнің арқасында жоқшылықты көрмей өстім. Нағашы әпкемнің балаларымен бірге өстім. Мен анамның құрсағынан шыққан жалғыз баламын. Қалған бауырларым – бөлелерім. Толық отбасында өсу арман ғой. Мен өзімді әкесіз өстім, бірнәрсе жетпеді, біреуден кеммін деп ешқашан айта алмаймын. Өйткені, менің аналарым, әжем болды. "Әкем қайда?" деп маманан сұрағанда "Қайтыс болды" деп айтқан. Негізі өзім іздеп барып, алдынан өтсем деген ниетім болды. Мүмкін, кешірім сұраймын ба. Уақыттың еншісіндегі дүние болып тұр. Әкемнің атын да білемін. Бірақ айтпаймын”, – деп жылап қалды әнші.  

Талқылау