"Қонақтардың жиналуы, отшашу, музыка жайсыздық тудырады": Ел өңірлерінің бірінде перзентханадан шығарып алу рәсімін жасамауға шақырды
Қостанай облысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға перзентхана алдында шығарып алу рәсімін тойламауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хбаралайды.
Фото: Pіnterest.com
Ведомствоның мәліметінші, келіншектердің перзентханадан шығуын мекеме алдында тойлау орынсыз.
"Құрметті қостанайлықтар, сәбидің дүниеге келуі-үлкен бақыт! Бірақ перинаталдық орталықтың аналар мен жаңа туған нәрестелері бар, сондай-ақ тыныштықты қажет ететін басқа да науқастары бар медициналық мекеме екенін есте ұстаған жөн. Үлкен етіп тойлау, жаппай қонақтардың жиналуы, отшашулар, музыка – мұның бәрі басқа науқастарға жайсыздық тудырады. Егер оқиғаны ауқымды түрде атап өткіңіз келсе, үйде, отбасы мен достарының ортасында салтанатты кездесу ұйымдастыра аласыз. Басқаларға қамқорлық пен құрмет көрсетеңіз. Сонда бұл қуанышы барлығына жақсы болады!"- делінген хабарламада.
Ведомствода Қазақстан Республикасының заңнамасында жаңа туған нәрестелердің салтанатты шыңарып алуды жүргізуді реттейтін нақты нормативтік акт жоқ екенін атап өтті. Перинаталдық орталықтар пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығы талаптарына сүйене отырып, шығару тәртібін реттейтін ішкі ережелерді белгілеуге құқылы.