AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

"Қонаққа баруды тоқтату қажет": Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеп хабарлайды. 

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Өткен тәулікте мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың өсуіне өткен демалыс күндері айрықша әсер еткен. Яғни қала тұрғындарының табиғат аясында сауық құрып, суға түсуі инфекция жұқтырғандардың артуына себеп болған.

Қала тұрғындарын адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Бөтен адамдармен, көпшілікпен қарым-қатынасын, сол сияқты қонаққа баруын тоқтатуы қажет. Қазір әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік танытатын уақыт. Бұл әсіресе бизнес нысандарына да қатысты. Коронавирустың жаңа түрі – "Дельта" штаммы (үнді деп те аталады) неғұрлым жұқпалы, қысқа инкубациялық кезеңде жүретінін және ауыр күйде өтетінін есте ұстаған жөн.

Инфекция жұқтырғандар санының өсуін, оның ішінде ауыр халдегі науқастарды ескере отырып, медициналық мекемелерді бірінен соң бірін ковидтік ауруханаларға айналдырып жатырмыз. Медициналық мекемелерде 100 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін бірқатар сауда үйі мен СОО-да вакцинация пунктері ашылды.

Бүгін вакцинация пунктерінің біріне бардым. Вакцина алу үшін барлық жағдай жасалған. Ал еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін медициналық бригадалар аттанады.

Алдымызда оқу жылы келе жатыр. Оқытудың бұрынғы форматына – офлайн режимге оралу үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажет. Ұжымдық иммунитет өзге де кәсіпорындарға үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта вакцинаның бірінші компонентін 300 мыңнан астам қала тұрғыны алды.

Вакцинация — өзіңіздің денсаулығыңызды, сондай-ақ жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғаудың жалғыз әдісі. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!”, — деп жазды елорда әкімі.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр