Демеушілердің ақшасына салынған: Қонаевқа орнатылған ескерткіштің авторы белгілі болды

Алматы облысында Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевқа арналып орынатылған ескерткіш сынына әкімдік жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қонаев

Белгілі болғандай, бұл мәселе бойынша арнайы топ құрылған.

"Д.А. Қонаев ескерткішінің кемшіліктерін, ескерткішті орнату тәртібінің бұзылуын анықтау үшін Балқаш ауданының Бақанас ауылына жұмыс тобы жіберілді. Оның құрамына облыстық тарихи мұра ескерткіштері орталығының директоры, басқарма бөлімінің басшысы, Жазушылар одағының мүшесі, облыстық галереяның директоры, Алматыдан келген тәуелсіз сарапшы мүсінші кірді", - деп хабарлады Облыстың мәдениет басқармасынан.

Мүсін авторы мен тапсырыс берушінің аты да белгілі болды.

"Мүсінші - Бейсенов Алтай Исатайұлы.

Тапсырыс берушілер-Д.А. Қонаев атындағы "Соупа" қоғамдық-қайырымдылық қоры және Балқаш аудандық "Д. А. Қонаевтың 100 жылдығы" қоры.

Қаржыландыру көзі: демеушілік қаражат", - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Еске сала кетейік, ескерткішті желі қолданушылары сынға алған болатын. Наразылардың арасында Қонаевтың туыстары да болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр