Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы мониторингі рейдерлік тәркілеумен айналысқан күдіктілерге іздеу салып, ақшалай сыйақы жариялады

Қазақстанда ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топтың жаңа сыбайластары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

рейдер розыск

Бұрын хабарланғандай, Қаржылық мониторинг агенттігі ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатқан.

"Еске салайық, сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Қоспаев Елдос, сондай-ақ оның сенімді адамдары Имашев Ерлан мен Шалин Руслан іздеуге жарияланған болатын. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады", - деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.



Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталғаны айтылады: Қоспаев Айдос, Кудряшева Оксана және Кузнецов Алексей. Бұл адамдар да іздеуде. 

"Іздеудегі адамдардың қайда екенін білетін болсаңыз, ҚМА сенім телефонына хабарласыңыз. Ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы, ал құпиялылыққа кепілдік беріледі", - деп қосты агенттік.

ҚР ҚПК 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Талқылау