"Коммуналды пәтерде тұрамыз": Нұрғали Нүсіпжанов байлығы жоқ екенін айтты
Нұрғали Нүсіпжанов байлығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Дегенмен, өнер иесі біраз жыл бұрын "Астана" арнасына берген сұхбатында пәтерде тұратынын айтқан болатын.
"Жәй үй салып, кеңірек тұру керек еді. Кемшілігім сол, мойныма алдым. Иә коммуналды пәтерде тұрамыз", - дейді Нұрғали Нүсіпжанов.
Нұрғали Нүсіпжанов үлкен үй салу мәселесі мойнында екенін де айтқан. Бұл туралы үйдегі жеңгелерің де жиі айтып отырады деп түсіндірген болатын өнер иесі. Осы уақытқа дейін ешкімнен көмек сұрап көрмегенін де айтып қалды әнші.
"Анда-санда сөздің тіркесі келген кезде жеңгең талай көмек сұрап, көкелерден алу керек еді ғой деп айтып қалады. Жарқырап көрініп жатса екен деген ой болмайды", - дейді Нұрғали Нүсіпжанов.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты